Он сегізге жасың толып тұр ұлым,
Жігіттігің құтты болсын, құлыным.
Ұлағатты ұзақ болсын ғұмырың,
Тұлғаң ірі, биік болсын тұғырың.
Он сегіз жас ол өмірдің көктемі,
Ойлап тұрсаң өмір бірақ өтпелі.
Ердің ісін ескере жүр ұмытпай,
Тіршіліктің сын-сынағы көп тегі.
Бұған дейін болған талай балалық,
Өзің сынды бала болған бар алып.
Мойыныңда білсең ауыр борыш бар,
Туылған соң адам болып жаралып.
Ата-анаң еркелетіп өсірді,
Беттен қақпай, көп қатеңді кешірді.
Ержеткенсің, есің кірген жігітсің,
Енді алға сүйреу керек көшіңді.
Алға ұмтыл, азамат бол, ақылды ал,
Өйткені адам деген атың бар.
Сенің жасың – толысқан жас, толған шақ,
Он сегізде ел қорғаған батырлар.
Білсең, балам, жігіт деген ғажап ат,
Оңай емес атану шын азамат.
Елдің ұлы болу керек енді ұлым,
Осы бір ой жүрсін дәйім мазалап.
Бар жетістік еңбекпенен білімде,
Талпынғанға табыс келер түбінде.
Ойлап сөйле, ойлап істе, ойлап жүр,
Сабыр сақта, болмашыға бүлінбе.
Отты тұтат, егелік ет отауға,
Қызмет жаса ата-анаңа, Отанға,
Теріс мінез, тексіз істен аулақ жүр,
Ақылы кем, арсыз жігіт атанба.
Бақытты бол, абыройлы, аман бол,
Халқыңа ұл, достарыңа адал бол.
Бай боларсың, би боларсың, боларсың,
Кім болсң да жаман болма, адам бол.
Жігіттігің құтты болсын, құлыным.
Ұлағатты ұзақ болсын ғұмырың,
Тұлғаң ірі, биік болсын тұғырың.
Он сегіз жас ол өмірдің көктемі,
Ойлап тұрсаң өмір бірақ өтпелі.
Ердің ісін ескере жүр ұмытпай,
Тіршіліктің сын-сынағы көп тегі.
Бұған дейін болған талай балалық,
Өзің сынды бала болған бар алып.
Мойыныңда білсең ауыр борыш бар,
Туылған соң адам болып жаралып.
Ата-анаң еркелетіп өсірді,
Беттен қақпай, көп қатеңді кешірді.
Ержеткенсің, есің кірген жігітсің,
Енді алға сүйреу керек көшіңді.
Алға ұмтыл, азамат бол, ақылды ал,
Өйткені адам деген атың бар.
Сенің жасың – толысқан жас, толған шақ,
Он сегізде ел қорғаған батырлар.
Білсең, балам, жігіт деген ғажап ат,
Оңай емес атану шын азамат.
Елдің ұлы болу керек енді ұлым,
Осы бір ой жүрсін дәйім мазалап.
Бар жетістік еңбекпенен білімде,
Талпынғанға табыс келер түбінде.
Ойлап сөйле, ойлап істе, ойлап жүр,
Сабыр сақта, болмашыға бүлінбе.
Отты тұтат, егелік ет отауға,
Қызмет жаса ата-анаңа, Отанға,
Теріс мінез, тексіз істен аулақ жүр,
Ақылы кем, арсыз жігіт атанба.
Бақытты бол, абыройлы, аман бол,
Халқыңа ұл, достарыңа адал бол.
Бай боларсың, би боларсың, боларсың,
Кім болсң да жаман болма, адам бол.