Байлығы ерен,
Білімі терең,
Тілдері ұзын,
Құлағы керең.
Сабыры сірі,
Сан түрлі діні,
Талғамы төмен,
Талабы ірі.
Ақылы ділсіз,
Айласы мінсіз,
Ақшасы құнды,
Адамы құнсыз.
Түндері жарық,
Ноқтасыз нарық.
Жарлысы ғаріп,
Байлары қарық.
Тағамы тәтті,
Қабағы қатты,
Хабары жылдам,
Қадамы пәтті.
Парасы – сыйлық,
Ес-дерті билік.
Көңілі жарым,
Көлігі жүйрік.
Тәндері ашық,
Жандары жасық.
Араққа ғашық,
Ауызы сасық.
Сөздері ұран,
Бүгіні жыр-ән,
Ертеңі күман,
Бір қызық қоғам.
Білімі терең,
Тілдері ұзын,
Құлағы керең.
Сабыры сірі,
Сан түрлі діні,
Талғамы төмен,
Талабы ірі.
Ақылы ділсіз,
Айласы мінсіз,
Ақшасы құнды,
Адамы құнсыз.
Түндері жарық,
Ноқтасыз нарық.
Жарлысы ғаріп,
Байлары қарық.
Тағамы тәтті,
Қабағы қатты,
Хабары жылдам,
Қадамы пәтті.
Парасы – сыйлық,
Ес-дерті билік.
Көңілі жарым,
Көлігі жүйрік.
Тәндері ашық,
Жандары жасық.
Араққа ғашық,
Ауызы сасық.
Сөздері ұран,
Бүгіні жыр-ән,
Ертеңі күман,
Бір қызық қоғам.