Өзгеде жұмысым не мына менің,
Басасау, аса үркек құлан едім.
Өтірік, өсектерден жырақ едім,
Жөніме саяқ жүрген ұлан едім.
Өзгеде жұмысым не сірә менің,
Құйылған таудан төмен бұлақ едім,
Ұнасам елге ісіммен ұнап едім,
Құласам биігімнен құлар едім.
Өзгеде жұмысым не, өзім бөлек,
Сабырмен салмақ салдым төзімге ерек.
Естілер есті жанға сөзім бөлек.
Өзімше жыр өсірдім сезім бөлеп,
Өзгеде жұмысым не, ойым бөлек,
Дарын бар Алла берген бойымда ерек.
Қанына жүрегімнің қалам малып,
Оямын сөзден әсем ою бөлек.
Өзгеде жұмысым не, ісім қанша,
Сұрамайм табыс қандай, түсім қанша?
Ешкімнен қызғанбаймын ештеңені,
Өлеңге жұмсай берем күшім қалса.
Біреулер атақ та алар, даңқ та алар,
Бәрібір біз болмасақ халық қалар.
Өзгеде жұмысым не, ақыры бір,
Кімдердің кім екені анықталар.
Басасау, аса үркек құлан едім.
Өтірік, өсектерден жырақ едім,
Жөніме саяқ жүрген ұлан едім.
Өзгеде жұмысым не сірә менің,
Құйылған таудан төмен бұлақ едім,
Ұнасам елге ісіммен ұнап едім,
Құласам биігімнен құлар едім.
Өзгеде жұмысым не, өзім бөлек,
Сабырмен салмақ салдым төзімге ерек.
Естілер есті жанға сөзім бөлек.
Өзімше жыр өсірдім сезім бөлеп,
Өзгеде жұмысым не, ойым бөлек,
Дарын бар Алла берген бойымда ерек.
Қанына жүрегімнің қалам малып,
Оямын сөзден әсем ою бөлек.
Өзгеде жұмысым не, ісім қанша,
Сұрамайм табыс қандай, түсім қанша?
Ешкімнен қызғанбаймын ештеңені,
Өлеңге жұмсай берем күшім қалса.
Біреулер атақ та алар, даңқ та алар,
Бәрібір біз болмасақ халық қалар.
Өзгеде жұмысым не, ақыры бір,
Кімдердің кім екені анықталар.