Қыс аязды, биыл жерде қар қалың,
Біз түгілі жайы қиын қарғаның.
Көреміз да Алла басқа салғанын,
Тез жетсе деп көктем менің арманым.
Түзге шықса жұрттың бәрі бүрсеңдеп,
Мұндай қысты болар десе кім сенбек.
Жаз бойына армандаған балам тек,
Шана сүйреп, шаңғы теуіп жүрсем деп.
Қар жауғанда жоқ боп шықты шанасы,
Шілде туа лақтырған-ау шамасы.
Қысты айтасың сол жазыңның өзіне,
Дайын болмай шығар адам баласы.
Дала аппақ, қатқақ жерде көк тайғақ,
Өзімді емес, кетем кейде көпті ойлап.
Жабырқаймын, тоңазиды бойым да,
Жаныма бұл жазғы шуақ жетпейді-ақ.
Үдей-дүлей соғады қыс бораны,
Боран соқса барша тірлік тоңады.
Мағанда не, мен үйдемін жып-жылы,
Қайғырамын, қарға қайда қонады?
Біз түгілі жайы қиын қарғаның.
Көреміз да Алла басқа салғанын,
Тез жетсе деп көктем менің арманым.
Түзге шықса жұрттың бәрі бүрсеңдеп,
Мұндай қысты болар десе кім сенбек.
Жаз бойына армандаған балам тек,
Шана сүйреп, шаңғы теуіп жүрсем деп.
Қар жауғанда жоқ боп шықты шанасы,
Шілде туа лақтырған-ау шамасы.
Қысты айтасың сол жазыңның өзіне,
Дайын болмай шығар адам баласы.
Дала аппақ, қатқақ жерде көк тайғақ,
Өзімді емес, кетем кейде көпті ойлап.
Жабырқаймын, тоңазиды бойым да,
Жаныма бұл жазғы шуақ жетпейді-ақ.
Үдей-дүлей соғады қыс бораны,
Боран соқса барша тірлік тоңады.
Мағанда не, мен үйдемін жып-жылы,
Қайғырамын, қарға қайда қонады?