Қуантып, бірін-бірі жалғап таңдар,
Атады арайланып алда ақ таңдар.
Біліңдер, өмір мәнін салмақтаңдар,
Адамдар, бір-біріңді ардақтаңдар.
Жөнің бар бір-біріңді өрісім дер,
Жасырмай жақсың болса бөлісіңдер.
Жатырқап, тосырқамай жолыққанда,
Қол алып, құшақтасып көрісіңдер.
Кім болсын қандасым деп, қауымым деп,
Өмірдің бөліп көтер ауырын көп.
Біріңді екіншің жүр жақыным деп,
Біріңді екіншің біл бауырым деп.
Құр бекер қабақ түйіп, бүлінбеңдер,
Сүйеңдер бір-біріңді сүрінгенде.
Күліңдер, кездескенде күлімдеңдер,
Күлімдейді тек өмірден түңілгендер.
Пана боп бір-біріңе саялаңдар,
Шуағын жүректердің аямаңдар.
Туыс көр, бір-біріңді дос санаңдар,
Ардақтап, бір-біріңді аялаңдар.
Түсініп, өмір мәнін ойға алыңдар,
Құрығыр пенделікті қоймадыңдар.
Жүрекке жылу сыйлап, жақын көрмей,
Жүйкеге ши жүгіртіп ойнадыңдар.
Адамдар, ойнамаңдар, ойланыңдар!
Мәңгілік тұра бермес гүл көктемдер,
Не деп тұр қабір толы қыр беткейлер?
Кетеді кезек келсе күн жеткендер,
Келмейді қайта айналып бір кеткендер.
Көңілді ешқашан да кірлетпеңдер,
Адамдар, бір-біріңді құрметтеңдер!
Атады арайланып алда ақ таңдар.
Біліңдер, өмір мәнін салмақтаңдар,
Адамдар, бір-біріңді ардақтаңдар.
Жөнің бар бір-біріңді өрісім дер,
Жасырмай жақсың болса бөлісіңдер.
Жатырқап, тосырқамай жолыққанда,
Қол алып, құшақтасып көрісіңдер.
Кім болсын қандасым деп, қауымым деп,
Өмірдің бөліп көтер ауырын көп.
Біріңді екіншің жүр жақыным деп,
Біріңді екіншің біл бауырым деп.
Құр бекер қабақ түйіп, бүлінбеңдер,
Сүйеңдер бір-біріңді сүрінгенде.
Күліңдер, кездескенде күлімдеңдер,
Күлімдейді тек өмірден түңілгендер.
Пана боп бір-біріңе саялаңдар,
Шуағын жүректердің аямаңдар.
Туыс көр, бір-біріңді дос санаңдар,
Ардақтап, бір-біріңді аялаңдар.
Түсініп, өмір мәнін ойға алыңдар,
Құрығыр пенделікті қоймадыңдар.
Жүрекке жылу сыйлап, жақын көрмей,
Жүйкеге ши жүгіртіп ойнадыңдар.
Адамдар, ойнамаңдар, ойланыңдар!
Мәңгілік тұра бермес гүл көктемдер,
Не деп тұр қабір толы қыр беткейлер?
Кетеді кезек келсе күн жеткендер,
Келмейді қайта айналып бір кеткендер.
Көңілді ешқашан да кірлетпеңдер,
Адамдар, бір-біріңді құрметтеңдер!