Алатаудың баурайында ауылы,
Ауылының тарқамайтын сауығы.
Сауығынан жанға қуат, күш алып,
Тауға қарап өсетін-ді тау ұлы.
Алатаудың баурайында жайлауы,
Жайлаудағы жанның бәрі жайдары.
Ертелі-кеш ен жайлауды аралап,
Екі бұлбұл қатар жүріп сайрады.
Алатаудың баурайында бұлағы,
Бұлағының жайқалатын құрағы.
Екі ақын сонда бірге ән салса,
Құлағыңның қанбаушы еді құмары.
Алатаудың баурайында гүл бағы,
Гүл бағында егіз бұлбұл жырлады.
Жырларында өмірінің сырлары,
Жылдарына жалғасатын жылдары.
Алатаудың баурайында қос ақын,
Қосыла кеп елін жырға қосатын.
Ән-жыр болып қосарлана жосатын,
Қос ақынын сағынып ел тосатын.
Алатаудың баурайында жаңбыры,
Жаңбырымен жайқалатын тау гүлі.
Қос ақынның бірі кемел Кенен де,
Бірі ұстазы - жырдың алып Жамбылы.
Алатаудың баурайында мекені,
Әсем әнге бөгіп сонда етегі.
Шырқап кетсе қосыла кеп екеуі,
Дауыстары тау басына жетеді.
Алатаудың баурайында екі алып,
Жамбыл, Кенен егіз бұлбұл атанып,
Алатаудай қос алыбы ән-жырдың,
Барады әні болашаққа бет алып.
Ауылының тарқамайтын сауығы.
Сауығынан жанға қуат, күш алып,
Тауға қарап өсетін-ді тау ұлы.
Алатаудың баурайында жайлауы,
Жайлаудағы жанның бәрі жайдары.
Ертелі-кеш ен жайлауды аралап,
Екі бұлбұл қатар жүріп сайрады.
Алатаудың баурайында бұлағы,
Бұлағының жайқалатын құрағы.
Екі ақын сонда бірге ән салса,
Құлағыңның қанбаушы еді құмары.
Алатаудың баурайында гүл бағы,
Гүл бағында егіз бұлбұл жырлады.
Жырларында өмірінің сырлары,
Жылдарына жалғасатын жылдары.
Алатаудың баурайында қос ақын,
Қосыла кеп елін жырға қосатын.
Ән-жыр болып қосарлана жосатын,
Қос ақынын сағынып ел тосатын.
Алатаудың баурайында жаңбыры,
Жаңбырымен жайқалатын тау гүлі.
Қос ақынның бірі кемел Кенен де,
Бірі ұстазы - жырдың алып Жамбылы.
Алатаудың баурайында мекені,
Әсем әнге бөгіп сонда етегі.
Шырқап кетсе қосыла кеп екеуі,
Дауыстары тау басына жетеді.
Алатаудың баурайында екі алып,
Жамбыл, Кенен егіз бұлбұл атанып,
Алатаудай қос алыбы ән-жырдың,
Барады әні болашаққа бет алып.