Құл өмір

Өмір туралы

Бұл өмір – Құл өмір. Мәнісін Біле біл. Туылдық, Ұрындық. Жүгірдік, Жығылдық. Жылындық, Суындық. Бүліндік, Жуындық. К...

Бұл өмір –
Құл өмір.
Мәнісін
Біле біл.

Туылдық,
Ұрындық.
Жүгірдік,
Жығылдық.

Жылындық,
Суындық.
Бүліндік,
Жуындық.

Күрестік,
Тірестік,
Гүл ектік,
Жыр естік.

Алыстық,
Қағыстық,
Шабыстық,
Жарыстық.

Көнбедік,
Терледік.
Бәрібір,
Жеңбедік.

Күн өтті,
Жыл өтті.
Құр өтті,
Жүдетті.

Зарықтық,
Жабықтық,
Бәрінен,
Жалықтық.

Ар азды,
Ақша озды.
Қажыдық,
Жын қозды.

Жаным жар,
Жолым тар.
Тек алдан,
Үміт бар.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026