Мектебім

Өмір туралы

Бауырыңда өтіп бала күн, Ұшталды ұшқыр талабым. Сарайын ашып сананың, Білімге негіз қаладың. Шапағын шашып жаңа күн, Ер...

Бауырыңда өтіп бала күн,
Ұшталды ұшқыр талабым.
Сарайын ашып сананың,
Білімге негіз қаладың.

Шапағын шашып жаңа күн,
Ертеңге бағыт аламын.
Өзіңнен түлеп ұшам да,
Өмірден бақыт табымын.

Көрсетіп асу асқарын,
Биікке жолды бастадың.
Жанымда асыл достарым,
Жазамыз дәуір дастанын.

Өзіңде өткен жас шағым,
Қайырылмас жылдар қас қағым.
Жадымнан шықпас мәңгілік,
Жаныма жылу шашқаның.

Балауса балғын көктемім,
Бақытқа бөгіп көктедім.
Ұрпақтың алтын ұясы,
Ұмытылмас шуақ төккенің.

Өмірдің сілтеп өткелін,
«Қияға самғап өт» дедің.
Аяулы асыл мектебім,
Алғысым айтар көп менің.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026