Сыртым бүтін, ішім түтін,
Мен де жұмбақ адаммын.
Жанымды шын түсінді кім,
Көңіл күпті, алаңмын.
Табамын деп жоқ іздеумен,
Бос сабылып күн өтті.
Негізсізді негіздеумен,
Жүдеттім тек жүректі.
Өзге түгіл бірге жүрген,
Достар да ұқпас күйімді.
Алып жүрмін күндерімнен,
Тағдыр берген сыйымды.
Бірде өтіп, бірде өтпес,
Жырды келем жинап құр.
Бірде жетіп, бірде жетпес,
Қу тірлік те қинап тұр.
Жасап көрдім жанның қамын,
Жамбасыма тас батты.
Тиянақсыз өмір мәнін,
Ойлай-ойлай бас қатты.
Күн кешемін күрсініп мен,
Күлкіге тым кендемін.
Күйбең-күйбең тіршіліктен,
Күйіп жүрген пендемін.
Мен де жұмбақ адаммын.
Жанымды шын түсінді кім,
Көңіл күпті, алаңмын.
Табамын деп жоқ іздеумен,
Бос сабылып күн өтті.
Негізсізді негіздеумен,
Жүдеттім тек жүректі.
Өзге түгіл бірге жүрген,
Достар да ұқпас күйімді.
Алып жүрмін күндерімнен,
Тағдыр берген сыйымды.
Бірде өтіп, бірде өтпес,
Жырды келем жинап құр.
Бірде жетіп, бірде жетпес,
Қу тірлік те қинап тұр.
Жасап көрдім жанның қамын,
Жамбасыма тас батты.
Тиянақсыз өмір мәнін,
Ойлай-ойлай бас қатты.
Күн кешемін күрсініп мен,
Күлкіге тым кендемін.
Күйбең-күйбең тіршіліктен,
Күйіп жүрген пендемін.