Қозым - өзің

Өмір туралы

Ұлым - өзің, Гүлім - өзің, Күнім - өзің, Жырым - өзің. Қаным - өзің, Жаным, өзің. Салтанатым, Сәнім - өзің. Ақыл, сез...

Ұлым - өзің,
Гүлім - өзің,
Күнім - өзің,
Жырым - өзің.


Қаным - өзің,
Жаным, өзің.
Салтанатым,
Сәнім - өзің.

Ақыл, сезім,
Қонған кезің.
Күш-қуатың,
Толған кезің.

Қаракөзім,
Қалқам, өзің.
Үміт сенде,
Менде төзім.

Айтар сөзім,
Қозым - өзің.
Артта қалар,
Көзім - өзің.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026