Өмір болды құмарым,
Өлең болды сыңарым.
Не көрсем де шыдадым,
Намыс болды ұраным.
Тәтті болды бал күнім,
Қатты болды тағдырым.
Аласысын алды күн,
Көңілімде қалды мұң.
Таудай еді талабым,
Болғаны жоқ қалауым.
Ертелі-кеш еңбекпен,
Еңкеюге қарадым.
Ойым тұрды алаңдап,
Тілім жүрді жалаңдап.
Жастық өтті салаңдап,
Қайтем оны жамандап.
Үміт еді серігім,
Селдіреді сенімім.
Тықыр-тықыр бітпейтін,
Тіршіліктен жерідім.
Тасқа тиді түренім,
Тірі жанға бір өлім.
Осылардың бәрінен,
Мұздай болды жүрегім.
Өлең болды сыңарым.
Не көрсем де шыдадым,
Намыс болды ұраным.
Тәтті болды бал күнім,
Қатты болды тағдырым.
Аласысын алды күн,
Көңілімде қалды мұң.
Таудай еді талабым,
Болғаны жоқ қалауым.
Ертелі-кеш еңбекпен,
Еңкеюге қарадым.
Ойым тұрды алаңдап,
Тілім жүрді жалаңдап.
Жастық өтті салаңдап,
Қайтем оны жамандап.
Үміт еді серігім,
Селдіреді сенімім.
Тықыр-тықыр бітпейтін,
Тіршіліктен жерідім.
Тасқа тиді түренім,
Тірі жанға бір өлім.
Осылардың бәрінен,
Мұздай болды жүрегім.