Уақыт- аялсыз,
Бақыт- баянсыз,
Өмір - өткінші,
Тағдыр – аяусыз.
Жүгім иықта,
Аяқ – ұйықта,
Ақыл – тұйықта,
Мысқыл миықта.
Дорба – қолымда,
Тор бар жолымда.
Өңшең өтірік,
Оңы-солымда.
Көзім – бұйымда,
Ойым- тиында,
Қиял қиырда,
Мыж-мыж миым да.
Ісім - өнімсіз,
Күндер-көңілсіз,
Байлық – тұрақсыз,
Билік – сенімсіз.
Ар да аласа,
Ақша биік тұр.
Көріп соларды,
Жаным күйіп тұр.
Бақыт- баянсыз,
Өмір - өткінші,
Тағдыр – аяусыз.
Жүгім иықта,
Аяқ – ұйықта,
Ақыл – тұйықта,
Мысқыл миықта.
Дорба – қолымда,
Тор бар жолымда.
Өңшең өтірік,
Оңы-солымда.
Көзім – бұйымда,
Ойым- тиында,
Қиял қиырда,
Мыж-мыж миым да.
Ісім - өнімсіз,
Күндер-көңілсіз,
Байлық – тұрақсыз,
Билік – сенімсіз.
Ар да аласа,
Ақша биік тұр.
Көріп соларды,
Жаным күйіп тұр.