Далада гүлі жайқалған,
Қордайдың жазы жайдары.
Бала да мұнда айтады ән,
Желбіреп желмен айдары.
Шетінен күйші, жырқұмар,
Өнердің өңшең сұлтаны.
Ән айтып өңі құлпырар,
Кененнен қалған ұрпағы.
Сақталған салты әр үйде,
Төрінде тұрар домбыра.
Әуестік әсем ән-күйге,
Кененнен қалған ол мұра.
Айтыса кетсе батыл, нық,
Көкшолақ атын тебініп,
Кененнен қалған ақындық,
Кененнен қалған серілік.
Халқының түгел жаны жаз,
Мәрттігін елдің көрер көз.
Кененнен қалған сырлы саз,
Кененнен қалған кемел сөз.
Әуелеп әуен себер нұр,
Таралып байтақ еліме.
Керемет өнер, кемел жыр,
Кененнен қалған бәрі де.
Ғасырдан жетер ғасырға,
Кененнің кемел тұлғасы.
Тұрады шыңның басында,
Қордайдың қоңыр құлжасы.
Қордайдың жазы жайдары.
Бала да мұнда айтады ән,
Желбіреп желмен айдары.
Шетінен күйші, жырқұмар,
Өнердің өңшең сұлтаны.
Ән айтып өңі құлпырар,
Кененнен қалған ұрпағы.
Сақталған салты әр үйде,
Төрінде тұрар домбыра.
Әуестік әсем ән-күйге,
Кененнен қалған ол мұра.
Айтыса кетсе батыл, нық,
Көкшолақ атын тебініп,
Кененнен қалған ақындық,
Кененнен қалған серілік.
Халқының түгел жаны жаз,
Мәрттігін елдің көрер көз.
Кененнен қалған сырлы саз,
Кененнен қалған кемел сөз.
Әуелеп әуен себер нұр,
Таралып байтақ еліме.
Керемет өнер, кемел жыр,
Кененнен қалған бәрі де.
Ғасырдан жетер ғасырға,
Кененнің кемел тұлғасы.
Тұрады шыңның басында,
Қордайдың қоңыр құлжасы.