Бала біткен шуласып, ойын қуып,
Ересектер думанды тойын қылып,
Пейіліне халықтың бойың жылып,
Наурыз келер мал-жанды тойындырып.
Күн менен түн тұп-тура теңеседі,
Жанға жайлы жағымды жел еседі.
Наурыз келсе бар әлем түрленеді,
Жап-жасыл боп жаңарар белес өңі.
Күліп атып Ұлыстың ұлы таңы,
Күн шуағы жаныңды жылытады.
Дұшпаның да бұл күні құшақтасып,
Өкпе-қақпа дегенді ұмытады.
Үйіреді тіліңді тағам дәмі,
Жусап жатар өзінше далаңдағы.
Сән-салтанат, салт-дәстүр бірі қалмай,
Бар жақсылық көрінер адамдағы.
Бүкіл дүние түп-түгел ұйқасады,
Домбырадан төгіліп күй тасады.
Жігіт келіп сыйласа селтеткізер,
Қыздардың да дап-дайын ұйқыашары.
Осы күні көрініп жатады өнер,
Ән мен биді өнерпаз қатар өрер.
Ақ жаулықты аналар тұсау кесіп,
Ақ сақалды аталар бата берер.
Қырға қаптап жауқазын гүл өседі,
Тұлпар баптап, жігіттер күреседі.
Айтып-айтпай не керек Наурызтойда,
Мәртебесі халқымның бір өседі.
Ересектер думанды тойын қылып,
Пейіліне халықтың бойың жылып,
Наурыз келер мал-жанды тойындырып.
Күн менен түн тұп-тура теңеседі,
Жанға жайлы жағымды жел еседі.
Наурыз келсе бар әлем түрленеді,
Жап-жасыл боп жаңарар белес өңі.
Күліп атып Ұлыстың ұлы таңы,
Күн шуағы жаныңды жылытады.
Дұшпаның да бұл күні құшақтасып,
Өкпе-қақпа дегенді ұмытады.
Үйіреді тіліңді тағам дәмі,
Жусап жатар өзінше далаңдағы.
Сән-салтанат, салт-дәстүр бірі қалмай,
Бар жақсылық көрінер адамдағы.
Бүкіл дүние түп-түгел ұйқасады,
Домбырадан төгіліп күй тасады.
Жігіт келіп сыйласа селтеткізер,
Қыздардың да дап-дайын ұйқыашары.
Осы күні көрініп жатады өнер,
Ән мен биді өнерпаз қатар өрер.
Ақ жаулықты аналар тұсау кесіп,
Ақ сақалды аталар бата берер.
Қырға қаптап жауқазын гүл өседі,
Тұлпар баптап, жігіттер күреседі.
Айтып-айтпай не керек Наурызтойда,
Мәртебесі халқымның бір өседі.