Қазақта жігіттер көп мен секілді,
Келбетім көрген жанға кең секілді.
Мін де бар, мінез де бар ел секілді,
Өзіме өз болмысым жөн секілді.
Туыс жоқ тумысымда тіреп тұрған,
Табыс жоқ қалта толып, күреп тұрған.
Бойымда бар асылым, бар байлығым,
Жасымнан жыр мен сырға жүрек тұнған.
Жұрт айтқан ірі дейтін ірі емеспін,
Болғаны қабақ ашық, күлегешпін.
Көруге келбетім кең көрінгенмен,
Аздаған пенделіктен құр емеспін.
Ақша деп арды бірақ сата алмаймын,
Адам не, аңыңды да ата алмаймын.
Тиер деп көңіліне жақсылардың,
Ауыр сөз айтуға да бата алмаймын.
Болғанмен ішім тентек, сыртым момын,
Мұның да біледі анық жұртым жөнін.
Қысқалау болғанымен шіркін, қолым,
Кесемін намысты ойлап құлқын жолын.
Сондықтан дүние, малға жарлымын да,
Бұл үшін батырмаймын жанды мұңға.
Теріп жеп не бұйырса тағдырымда,
Алланың сыйы деймін барлығын да.
Бір жанмын сезім нәзік, сөзім берік,
О бастан сұлулыққа көзім жерік.
Ешқашан елге таба болмайын деп,
Өзімді келемін кіл өзім жеңіп.
Келбетім көрген жанға кең секілді.
Мін де бар, мінез де бар ел секілді,
Өзіме өз болмысым жөн секілді.
Туыс жоқ тумысымда тіреп тұрған,
Табыс жоқ қалта толып, күреп тұрған.
Бойымда бар асылым, бар байлығым,
Жасымнан жыр мен сырға жүрек тұнған.
Жұрт айтқан ірі дейтін ірі емеспін,
Болғаны қабақ ашық, күлегешпін.
Көруге келбетім кең көрінгенмен,
Аздаған пенделіктен құр емеспін.
Ақша деп арды бірақ сата алмаймын,
Адам не, аңыңды да ата алмаймын.
Тиер деп көңіліне жақсылардың,
Ауыр сөз айтуға да бата алмаймын.
Болғанмен ішім тентек, сыртым момын,
Мұның да біледі анық жұртым жөнін.
Қысқалау болғанымен шіркін, қолым,
Кесемін намысты ойлап құлқын жолын.
Сондықтан дүние, малға жарлымын да,
Бұл үшін батырмаймын жанды мұңға.
Теріп жеп не бұйырса тағдырымда,
Алланың сыйы деймін барлығын да.
Бір жанмын сезім нәзік, сөзім берік,
О бастан сұлулыққа көзім жерік.
Ешқашан елге таба болмайын деп,
Өзімді келемін кіл өзім жеңіп.