Өмір – талқан,
Тағдыр – тарпаң.
Жайым-жайсыз,
Жаным – жалтаң.
Жүгім- ауыр,
Арқам – жауыр.
Өне – бойым,
Өкпе-бауыр.
Құлақ-керең,
Нәпсі- терең.
Тілім – жүйрік,
Елден ерен.
Асық – омпа,
Майым- торта.
Көңіл – орта,
Күлем жорта.
Жылдар – белес,
Өткен – елес.
Тірлік – егес,
Біткен емес.
Құлқым – құлдық,
Ажал – шындық.
Артын білмес,
Мен бір мұңдық.
Тағдыр – тарпаң.
Жайым-жайсыз,
Жаным – жалтаң.
Жүгім- ауыр,
Арқам – жауыр.
Өне – бойым,
Өкпе-бауыр.
Құлақ-керең,
Нәпсі- терең.
Тілім – жүйрік,
Елден ерен.
Асық – омпа,
Майым- торта.
Көңіл – орта,
Күлем жорта.
Жылдар – белес,
Өткен – елес.
Тірлік – егес,
Біткен емес.
Құлқым – құлдық,
Ажал – шындық.
Артын білмес,
Мен бір мұңдық.