Әлімсақтан арнамыз бар,
Тас тарихта таңбамыз бар.
Ежелден-ақ ер халықпыз,
Ол жайында қалды аңыздар.
Жел қақтаған жүзіміз бар,
Жанда жара сызымыз бар.
Бақыт іздеп көп кешкенбіз,
Байтақ жерде ізіміз бар.
Қысыңқылау көзіміз бар,
Қысылған да кезіміз бар.
Ақиқатын аталарым,
Айтып кеткен сөзіміз бар.
Терең тартқан тініміз бар,
Тіліміз бар, дініміз бар.
Аспан түстес туымыз бар,
Ту ұстайтын ұлымыз бар.
Бойшаң келген бойымыз бар,
Тойсақ болды тойымыз бар.
Аз да емеспіз, көп те емеспіз,
Өсіп, өну ойымыз бар.
Досымыз бар, жатымыз бар,
Уақытқа айтар датымыз бар.
Мақтануға ақымыз бар,
Қазақ деген атымыз бар.
Егеменді еліміз бар,
Астығымыз, кеніміз бар.
Қалайда бұл бар әлемді,
Мойындатар жөніміз бар.
Тас тарихта таңбамыз бар.
Ежелден-ақ ер халықпыз,
Ол жайында қалды аңыздар.
Жел қақтаған жүзіміз бар,
Жанда жара сызымыз бар.
Бақыт іздеп көп кешкенбіз,
Байтақ жерде ізіміз бар.
Қысыңқылау көзіміз бар,
Қысылған да кезіміз бар.
Ақиқатын аталарым,
Айтып кеткен сөзіміз бар.
Терең тартқан тініміз бар,
Тіліміз бар, дініміз бар.
Аспан түстес туымыз бар,
Ту ұстайтын ұлымыз бар.
Бойшаң келген бойымыз бар,
Тойсақ болды тойымыз бар.
Аз да емеспіз, көп те емеспіз,
Өсіп, өну ойымыз бар.
Досымыз бар, жатымыз бар,
Уақытқа айтар датымыз бар.
Мақтануға ақымыз бар,
Қазақ деген атымыз бар.
Егеменді еліміз бар,
Астығымыз, кеніміз бар.
Қалайда бұл бар әлемді,
Мойындатар жөніміз бар.