Қазақ

Ұлттық құндылықтар

Қазақ деген қарапайым халықпыз, Біле-білсек өзімізше алыппыз. Елдігімен, ерлігімен, ісімен, Бар әлемді мойындаттық анық ...

Қазақ деген қарапайым халықпыз,
Біле-білсек өзімізше алыппыз.
Елдігімен, ерлігімен, ісімен,
Бар әлемді мойындаттық анық біз.

Көше жүріп қырдан қоныс тауыппыз,
Құмды кезіп, далада мал бағыппыз.
Қызды ошақтың, ал ұлдарды қастерлі,
Шаңырақтың егесі деп таныппыз.

Аңқау халық алдағанға наныппыз,
Біреу айтса мақұл-ау дей салыппыз.
Терсек те біз маңдай тердің жемісін,
Тәңірінің бергені деп алыппыз.

Әлем кезіп, әр жерде от жағыппыз,
Мұхит кешіп, жер түбіне барыппыз.
Бытырадай шашылсақ та жан-жаққа,
Қайда жүрсек қазақ болып қалыппыз.

Қарап тұрсаң қасірет толы, көп мұңы,
Қай елден де артық көрген соққыны.
Сонда да асқақ биік тұрар шоқтығы,
Мына біздей мықты халық жоқ түбі.

Көбіне көп босқында өтіп күніміз,
Бүтін қалған дініміз бен тіліміз.
Жауыз дұшпан жоямыз деп қазақты,
Мың шапқанмен өлмегенбіз, тіріміз.

Тегін қазса терең тамыр, түбіміз,
Тарқамастай берік біздің тініміз.
Ұғын ұрпақ, ұлы халық ұлымыз,
Ешқашанда ұмытпайық мұны біз.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Ұлттық құндылықтар
Күні 31.05.2026