Айналайын, ана тіл!
Күнің не боп баратыр?
Будандасып басқамен,
Болып алдың шала тіл.
Бұзып сөйлеп шал отыр,
Былдыр қағып бала тұр.
Быламық қып екеуі,
Шығарып тұр жаңа тіл.
Арылмаған азабы,
Қайран қырдың қазағы!
Тілің қалай гәлдір бұл,
Түрің неге азалы?
Анам айтқан жыр-әні,
Құлағымда тұр әлі.
Екі қазақ бір-бірін,
Ұқпаса кім кінәлі?
Осыны ойлап көрдің бе?
Жойылуға көндің бе?
Тіл - халықтың белгісі,
Тіл – тірегі елдің де.
Тілді бұзып дәстүрмен,
Біз бұзылдық бәс тігем.
Қызың содан қояншық,
Ұлың содан маскүнем.
Тіл – аманат саған да ол,
Тіл – аманат маған да ол.
Абай бол деп тапсырған,
Абай тілі аман бол!
Күнің не боп баратыр?
Будандасып басқамен,
Болып алдың шала тіл.
Бұзып сөйлеп шал отыр,
Былдыр қағып бала тұр.
Быламық қып екеуі,
Шығарып тұр жаңа тіл.
Арылмаған азабы,
Қайран қырдың қазағы!
Тілің қалай гәлдір бұл,
Түрің неге азалы?
Анам айтқан жыр-әні,
Құлағымда тұр әлі.
Екі қазақ бір-бірін,
Ұқпаса кім кінәлі?
Осыны ойлап көрдің бе?
Жойылуға көндің бе?
Тіл - халықтың белгісі,
Тіл – тірегі елдің де.
Тілді бұзып дәстүрмен,
Біз бұзылдық бәс тігем.
Қызың содан қояншық,
Ұлың содан маскүнем.
Тіл – аманат саған да ол,
Тіл – аманат маған да ол.
Абай бол деп тапсырған,
Абай тілі аман бол!