Бастары ақ бас шыңның бастарындай,
Кеудесі Алатаудың асқарындай,
Шертсең көкірегі шежіре жыр,
Өмірдің өзі жазған дастанындай.
Ардақты аталарым, армысыңдар!
Артта қанша, қанша қалды сындар.
Оттан да, оқтан да еш қаймықпаушы ең,
Алдымда бәрің түгел бармысыңдар?!
Халқымның сақтап келген дара салтын,
Аман бол, айналайын, дала қарты.
«Алпыстан асқандардан ақыл сұра»,
Дейді екен сіздер жайлы дана халқым.
Сипаған маңдайлардан алақаның,
Шуақ боп бойға қуат таратады.
Тірлікке тірек болған қарттарым,
Силау парыз бәріңді, бар атаны.
Өмірдің сырын, жырын жариялар,
Тасқынды бөгет бермес дариялар,
Дариялар, өздерің, қариялар!
Жаныма сендер деп жыр, ән ұялар!
Қараймын жүздеріңе үмітпенен,
Еңкейткен белдеріңді бүгіп төмен,
Мейірімсіз уақыт шіркін алдап соғып,
Құлатпаса құрғыр деп күдіктенем.
Әлі де бойларыңда нар күшің бар,
Керек кезде шауып түсер шалғысыңдар.
Құламай жүріңдерші қарттарым,
Басы аппақ, жаны шуақ қарлы шыңдар!
Өздерің ерен тарих, асыл аңыз,
Сөздерің шежіреміз, қазынамыз.
Жүріңдерші, селдіремей, сетінемей,
Балалық осы өтініш-базынамыз.
Кеудесі Алатаудың асқарындай,
Шертсең көкірегі шежіре жыр,
Өмірдің өзі жазған дастанындай.
Ардақты аталарым, армысыңдар!
Артта қанша, қанша қалды сындар.
Оттан да, оқтан да еш қаймықпаушы ең,
Алдымда бәрің түгел бармысыңдар?!
Халқымның сақтап келген дара салтын,
Аман бол, айналайын, дала қарты.
«Алпыстан асқандардан ақыл сұра»,
Дейді екен сіздер жайлы дана халқым.
Сипаған маңдайлардан алақаның,
Шуақ боп бойға қуат таратады.
Тірлікке тірек болған қарттарым,
Силау парыз бәріңді, бар атаны.
Өмірдің сырын, жырын жариялар,
Тасқынды бөгет бермес дариялар,
Дариялар, өздерің, қариялар!
Жаныма сендер деп жыр, ән ұялар!
Қараймын жүздеріңе үмітпенен,
Еңкейткен белдеріңді бүгіп төмен,
Мейірімсіз уақыт шіркін алдап соғып,
Құлатпаса құрғыр деп күдіктенем.
Әлі де бойларыңда нар күшің бар,
Керек кезде шауып түсер шалғысыңдар.
Құламай жүріңдерші қарттарым,
Басы аппақ, жаны шуақ қарлы шыңдар!
Өздерің ерен тарих, асыл аңыз,
Сөздерің шежіреміз, қазынамыз.
Жүріңдерші, селдіремей, сетінемей,
Балалық осы өтініш-базынамыз.