Атам мен Анам

Ата-аналар

Ата-анам ұшырған бір құсың менмін, Өздерің қолдан құйған мүсін менмін. Өздерің өмір берген жаратушым, Сендерді құдірет д...

Ата-анам ұшырған бір құсың менмін,
Өздерің қолдан құйған мүсін менмін.
Өздерің өмір берген жаратушым,
Сендерді құдірет деп түсінгенмін.

Ұрпағы емеспін мен әлдекімнің,
Өздерің сеуіп кеткен дәндеріңмін.
Өздерің баптап күткен гүлдеріңмін,
Өздерің айтып өткен әндеріңмін.

Өздерің түрді, түсті, тілді берген,
Өздерің айды, жылды, күнді берген.
Салбырап екі аяғы ертегідей,
Аспаннан жерге түскен кімді көрген.

Иесі бол деп мына енші өмірдің,
Артыңа тастап кеткен өр сеніммін.
Сендердің қосылған бір қосымшаңмын,
Сендердің бөлінген бір бөлшегіңмін.

Өмірден нұр аламын, жыр аламын,
Бұлдағы сендер берген мұраларың.
Жетектеп жеткеріп ең бір белеске,
Сендерсіз қалай өмір сүре аламын?

Сендерден ақыл, пікір, ойым-бәрі,
Сендердің қаңың мына бойымдағы.
Өздерің мені жасап, артып кеткен,
Тек әттең борыш ауыр мойындағы.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Ата-аналар
Күні 31.05.2026