Қайырлы таң, қазағым!

Өмір туралы

Егеменді ел атандық зайырлы, Атың кезіп, кең әлемге жайылды. Құдіретті қазақ елі байырғы, Қайырлы таң, Таңың болсын қайы...

Егеменді ел атандық зайырлы,
Атың кезіп, кең әлемге жайылды.
Құдіретті қазақ елі байырғы,
Қайырлы таң,
Таңың болсын қайырлы.

Айбарлыдан жинамаған айылды,
Мақсат тұтқан бейбіт жасап баюды,
Жері байтақ,
Елі еркін ер қазақ,
Қайырлы таң,
Таңың болсын қайырлы.

Бойымызға сыйлап берік сенімді,
Көк байрағым көркемдеген көгімді.
Қайырлы таң,
Қасиетті қазағым!
Құттықтаймын атқан таңмен елімді.

Қайырлы таң,
Тағы да бір таң атты.
Жер жүзіне жаңа хабар таратты.
Байлығымен, бірлігімен әлемді,
Қазақ елі мойындатты, қаратты.


Қайырлы таң,
Тағы шуақ шашылды,
Күнпарақта жаңа парақ ашылды.
Бодандықтың бұзып, жарып бұғауын,
Бақыт құшып, бастап тұрмыз ғасырды.

Тағдыр солай, көрдік талай сынақты,
Шын тәуелсіз елміз енді қуатты.
Сойқандардан аман қалған қазағым,
Қайырлы таң,
Күнің болсын шуақты.

Дүрлігумен дүние тұр дүбірлеп,
Иығыңда арқалаған жүгің көп.
Қайырлы таң,
Күнің тұрсын күлімдеп,
Айтатындай бейне «менің Күнім» деп.

Ертеңіне ерен үміт артылған,
Айналайын қазақ атты халқымнан.
Байтақ елім болашаққа талпынған,
Қайырлы таң,
Таңың болсын, жарқын таң!
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026