Бір дегенде не жаман?
Білегі жуан, білімі аз,
Бітірмес толық бір істі,
Мәміле сөзге ебі жоқ,
Қолайлай берер ұрысты,
Жағасы бүтін жүрмейтін,
Ақыл айтсаң ұқпайтын,
Жүз грам тисе жын ұрып,
Айықтырғыштан шықпайтын,
Уәдесі көп қоям дер,
Күні жоқ бірақ ішпейтін,
Отыздан жасы асса да,
Мойыныңнан түспейтін,
Балаң болса жол жаман
Екі дегенде не жаман?
Ертемен тұрып шәй қойсаң,
Кемпірің жатса ерініп,
Немерең жатса былғанып,
Келінің жатса керіліп,
«Шошқаның төлі былғаныш»,
Деп келінің тырысса,
Есітіп қалып енесі,
Төсекте жатып ұрысса,
Келістіре алмай екеуін,
Ебіл-дебіл боп ортада,
Есің шықса сол жаман.
Үш дегенде не жаман?
Үлде мен орап бүлдеге,
Үлбіретіп өсірсең,
Үндемей бір күн бір қумен,
Қашып кетсе кешірсең,
Алқаш боп шығып сол қуы,
Күн көріс қиын көке деп,
Күнара келсе үйіңе,
Не болды деп жағдайды,
Тістесең бармақ күйіне,
Үлпілдеткен жалғыз қыз,
Үмітіңді ақтамай,
Үнжырғаң түссе сол жаман.
Төрт дегенде не жаман?
Тегінде еркек-есірік,
Етекке намаз оқымас.
Кісінеп өте шығады,
Бойында болса оты рас.
«Тана көзін сүзді» дер,
«Бұқа жібін үзді» дер,
Көрікті көрсе – көбелек,
Түсердей отқа үздігер.
Өзімнің жарым мұздай деп,
Кісінің жары қыздай деп,
Таңдап сүйген асылын,
Төсектен безсе сол жаман.
Бес дегенде не жаман?
Айлықты алып, тауысып,
Ішіп келіп отырсаң.
Бет-аузың көмпиіп,
Ісіп, кеуіп отырсаң.
Ертемен келсе екі дос,
Есебін тауып ептесең.
Түсте келсе төрт дос,
Құрауыз ол да кетпесе.
Бесінде келсе бес досың,
Саспай ма сонда батырың,
Бірдеңе қыл деп жалынсаң,
Бетіңнен алса қатының.
Бермейін деген ниетің жоқ,
Беретін арақ, етің жоқ,
Бәрінен де қатынға,
Қаймықпай қарар бетің жоқ,
Берекең қашса сол жаман.
Алты дегенде не жаман?
Алдыңнан кенет кездесіп,
«Здрәсті» деп өтеді.
Бір жерде көрген балаң бұл,
Белгісіз тек кім екені,
Берекесіздеу бір тілде,
Қойыртпақтап күңк етер,
Шемішке шағып барады,
Шалбары бар да, шашы ұзын,
Артынан қарап сайтанның,
Ажырата алмай ұл-қызын,
Аң-таң боп тұрсаң сол жаман.
Жеті дегенде не жаман?
Жаныңда барса қонаққа,
Жарысып ішсе өзіңмен,
Жосылып сәл бір сөйлесең,
Кінәрат тапса сөзіңнен.
Бір нәрсе көрсе біреуде,
«Бізде жоқ бұл» деп қақсаса.
Өзіңді жұртқа жамандап,
Өзгенің байын мақтаса.
Ашуы келсе балаңа,
«Бабаңнан қозғап» қоймаса,
Көйлегі көп болғанмен,
Көзі ешбір тоймаса.
Желіккен жарың осындай,
Желөкпе болса сол жаман.
Сегіз дегенде не жаман?
Көздің жауын алатын,
Алтын мен күміс жалатқан,
Анау-мынау іздесе,
Таппастай аз қып таратқан.
Қолыңа түсе бермейтін,
Кейде бар да, кейде жоқ.
Дефицит деген бір бәле,
Елде бар да сенде жоқ,
Табайын десең болмайды,
Сабылып іздеп осыны,
Сергелдең болсаң сол жаман.
Тоғыз дегенде не жаман?
Тұрпайы топас тұрқы бар,
Көкейін тесіп пұл тұрар.
Адам ба сен деп шіренер,
Көкірегінде бұлты бар.
Сабаздың нағыз өзі бір,
Сайтанмен сырлас сірә да,
Машина меннен әйелін,
Ауыстыратын күнәра,
Сатпаса өліп кетердей,
Тезегін тиын ететін,
Жолдасы түгел бір туған.
Бауырын сатып кететін,
Туысың болса сол жаман.
Он дегенде не жаман?
Он жасыңда бөбегің,
Ойнамаса сол жаман.
От басында қариясын,
Сыйламаса сол жаман.
Отырып ап он қазақ,
Орысша сөйлер сол жаман.
Осылай ана тілімді,
Қор қылды-ау кейбір оңбаған.
Он баласы әкеге,
Мал жайдырса сол жаман.
Он келіні енеге,
Шәй құйдырса сол жаман.
Өзің жаққан отыңды,
Ойрандасаң сол жаман.
Бәрінен де ең жаман,
Оңың менен солыңды,
Ойланбасаң сол жаман.
Білегі жуан, білімі аз,
Бітірмес толық бір істі,
Мәміле сөзге ебі жоқ,
Қолайлай берер ұрысты,
Жағасы бүтін жүрмейтін,
Ақыл айтсаң ұқпайтын,
Жүз грам тисе жын ұрып,
Айықтырғыштан шықпайтын,
Уәдесі көп қоям дер,
Күні жоқ бірақ ішпейтін,
Отыздан жасы асса да,
Мойыныңнан түспейтін,
Балаң болса жол жаман
Екі дегенде не жаман?
Ертемен тұрып шәй қойсаң,
Кемпірің жатса ерініп,
Немерең жатса былғанып,
Келінің жатса керіліп,
«Шошқаның төлі былғаныш»,
Деп келінің тырысса,
Есітіп қалып енесі,
Төсекте жатып ұрысса,
Келістіре алмай екеуін,
Ебіл-дебіл боп ортада,
Есің шықса сол жаман.
Үш дегенде не жаман?
Үлде мен орап бүлдеге,
Үлбіретіп өсірсең,
Үндемей бір күн бір қумен,
Қашып кетсе кешірсең,
Алқаш боп шығып сол қуы,
Күн көріс қиын көке деп,
Күнара келсе үйіңе,
Не болды деп жағдайды,
Тістесең бармақ күйіне,
Үлпілдеткен жалғыз қыз,
Үмітіңді ақтамай,
Үнжырғаң түссе сол жаман.
Төрт дегенде не жаман?
Тегінде еркек-есірік,
Етекке намаз оқымас.
Кісінеп өте шығады,
Бойында болса оты рас.
«Тана көзін сүзді» дер,
«Бұқа жібін үзді» дер,
Көрікті көрсе – көбелек,
Түсердей отқа үздігер.
Өзімнің жарым мұздай деп,
Кісінің жары қыздай деп,
Таңдап сүйген асылын,
Төсектен безсе сол жаман.
Бес дегенде не жаман?
Айлықты алып, тауысып,
Ішіп келіп отырсаң.
Бет-аузың көмпиіп,
Ісіп, кеуіп отырсаң.
Ертемен келсе екі дос,
Есебін тауып ептесең.
Түсте келсе төрт дос,
Құрауыз ол да кетпесе.
Бесінде келсе бес досың,
Саспай ма сонда батырың,
Бірдеңе қыл деп жалынсаң,
Бетіңнен алса қатының.
Бермейін деген ниетің жоқ,
Беретін арақ, етің жоқ,
Бәрінен де қатынға,
Қаймықпай қарар бетің жоқ,
Берекең қашса сол жаман.
Алты дегенде не жаман?
Алдыңнан кенет кездесіп,
«Здрәсті» деп өтеді.
Бір жерде көрген балаң бұл,
Белгісіз тек кім екені,
Берекесіздеу бір тілде,
Қойыртпақтап күңк етер,
Шемішке шағып барады,
Шалбары бар да, шашы ұзын,
Артынан қарап сайтанның,
Ажырата алмай ұл-қызын,
Аң-таң боп тұрсаң сол жаман.
Жеті дегенде не жаман?
Жаныңда барса қонаққа,
Жарысып ішсе өзіңмен,
Жосылып сәл бір сөйлесең,
Кінәрат тапса сөзіңнен.
Бір нәрсе көрсе біреуде,
«Бізде жоқ бұл» деп қақсаса.
Өзіңді жұртқа жамандап,
Өзгенің байын мақтаса.
Ашуы келсе балаңа,
«Бабаңнан қозғап» қоймаса,
Көйлегі көп болғанмен,
Көзі ешбір тоймаса.
Желіккен жарың осындай,
Желөкпе болса сол жаман.
Сегіз дегенде не жаман?
Көздің жауын алатын,
Алтын мен күміс жалатқан,
Анау-мынау іздесе,
Таппастай аз қып таратқан.
Қолыңа түсе бермейтін,
Кейде бар да, кейде жоқ.
Дефицит деген бір бәле,
Елде бар да сенде жоқ,
Табайын десең болмайды,
Сабылып іздеп осыны,
Сергелдең болсаң сол жаман.
Тоғыз дегенде не жаман?
Тұрпайы топас тұрқы бар,
Көкейін тесіп пұл тұрар.
Адам ба сен деп шіренер,
Көкірегінде бұлты бар.
Сабаздың нағыз өзі бір,
Сайтанмен сырлас сірә да,
Машина меннен әйелін,
Ауыстыратын күнәра,
Сатпаса өліп кетердей,
Тезегін тиын ететін,
Жолдасы түгел бір туған.
Бауырын сатып кететін,
Туысың болса сол жаман.
Он дегенде не жаман?
Он жасыңда бөбегің,
Ойнамаса сол жаман.
От басында қариясын,
Сыйламаса сол жаман.
Отырып ап он қазақ,
Орысша сөйлер сол жаман.
Осылай ана тілімді,
Қор қылды-ау кейбір оңбаған.
Он баласы әкеге,
Мал жайдырса сол жаман.
Он келіні енеге,
Шәй құйдырса сол жаман.
Өзің жаққан отыңды,
Ойрандасаң сол жаман.
Бәрінен де ең жаман,
Оңың менен солыңды,
Ойланбасаң сол жаман.