Ерекшелеп ен ерлік пен ерендік,
Танытушы ең тектілік пен тереңдік.
Бөлек біткен болмысың бар керемет,
Көрінетін кемеңгерлік, кемелдік.
Мінезіңде еркелік пен естілік,
Сезілетін серкелік пен сестілік.
Өзіңе тән сергектік пен серілік,
Жататұғын ел ішінде естіліп.
Ұғынғанға ұлағат пен ұлылық,
Қатар жүрген қаталдық пен жылылық.
Өне бойың тұнып тұрған қайшылық,
Өмір жолың өнеге мен ірілік.
Ақиқаттан алшақ емес аңыз да,
Айрықша еді адалдығың парызға.
Ардың туын биік ұстап әрдайым,
Ақылыңмен айналғансыз абызға.
Туа бөлек туылымың, тұлғаң да,
Кездерің жоқ иілген де, сынған да.
Қоса ұстаған қару менен қаламды,
Сен тірісің халқың аман тұрғанда.
Қайшылыққа толы өмірің расында,
Батырлық та, бақыт та бар басыңда.
Қайыспайтын қайсар қазақ қалпыңда,
Батыл аттап, жеттің, Бауке, ғасырға.
Танытушы ең тектілік пен тереңдік.
Бөлек біткен болмысың бар керемет,
Көрінетін кемеңгерлік, кемелдік.
Мінезіңде еркелік пен естілік,
Сезілетін серкелік пен сестілік.
Өзіңе тән сергектік пен серілік,
Жататұғын ел ішінде естіліп.
Ұғынғанға ұлағат пен ұлылық,
Қатар жүрген қаталдық пен жылылық.
Өне бойың тұнып тұрған қайшылық,
Өмір жолың өнеге мен ірілік.
Ақиқаттан алшақ емес аңыз да,
Айрықша еді адалдығың парызға.
Ардың туын биік ұстап әрдайым,
Ақылыңмен айналғансыз абызға.
Туа бөлек туылымың, тұлғаң да,
Кездерің жоқ иілген де, сынған да.
Қоса ұстаған қару менен қаламды,
Сен тірісің халқың аман тұрғанда.
Қайшылыққа толы өмірің расында,
Батырлық та, бақыт та бар басыңда.
Қайыспайтын қайсар қазақ қалпыңда,
Батыл аттап, жеттің, Бауке, ғасырға.