Аристотель танылған бар қауымға,
Шын данышпан жоқ ешқандай дауым да.
Атын айтсам менсінбейтін бірақ та,
Әл-Фараби немене ол жауың ба?
Пушкин мықты мойындаймыз мұны оңай,
Жырын жатқа оқимыз кеп сұрамай.
Бір өлеңін білмейтіндей соншама,
Қан құйысқан дұшпаның ба ұлы Абай?
Ұлы әлемді ұға білу – ұлы арна,
Бәрін білсең бас иер ем бұған да.
Абылайды аузыңа да алмайсың,
Сен табынған Напалеон бір құдаң ба?
Өз жақсыңнан басқа асып өтер ме?
Өзіңді өзің құрметтесең жетер не.
Багратионды мақтайсың кеп батыр деп,
Өз батырың Бауыржан ше, бөтен бе?
Шынын айтсаң келтелеуміз ақылға,
Өзгеде ме бар данышпан батыр да.
Мықтыларын өзеурейсің мақтап кіл,
Өзге халық қазағыңнан жақын ба?
Өркениет тараған деп батыстан,
Өзеуреген шаласауыт шатысқан.
Бар әлемдік ұлылықты жасауға,
Бар әлемнің халықтары қатысқан.
Еврошылдық шығар мәңгүрт санадан,
Көп ұлылық күншығыстан тараған.
Сен білмейтін Фарабиді, Абайды,
Мойындайды әлемдегі бар адам.
Шын данышпан жоқ ешқандай дауым да.
Атын айтсам менсінбейтін бірақ та,
Әл-Фараби немене ол жауың ба?
Пушкин мықты мойындаймыз мұны оңай,
Жырын жатқа оқимыз кеп сұрамай.
Бір өлеңін білмейтіндей соншама,
Қан құйысқан дұшпаның ба ұлы Абай?
Ұлы әлемді ұға білу – ұлы арна,
Бәрін білсең бас иер ем бұған да.
Абылайды аузыңа да алмайсың,
Сен табынған Напалеон бір құдаң ба?
Өз жақсыңнан басқа асып өтер ме?
Өзіңді өзің құрметтесең жетер не.
Багратионды мақтайсың кеп батыр деп,
Өз батырың Бауыржан ше, бөтен бе?
Шынын айтсаң келтелеуміз ақылға,
Өзгеде ме бар данышпан батыр да.
Мықтыларын өзеурейсің мақтап кіл,
Өзге халық қазағыңнан жақын ба?
Өркениет тараған деп батыстан,
Өзеуреген шаласауыт шатысқан.
Бар әлемдік ұлылықты жасауға,
Бар әлемнің халықтары қатысқан.
Еврошылдық шығар мәңгүрт санадан,
Көп ұлылық күншығыстан тараған.
Сен білмейтін Фарабиді, Абайды,
Мойындайды әлемдегі бар адам.