(Бауыржан Момышұлы мен Бақытжан Ертаевқа)
Қыдыр қонған Жуалының өңірі,
Сол өңірде көктеп өскен көп ұлы.
Сол өңірден бастау алған тегінде,
Бауыржан мен Бақытжанның өмірі.
Жау көрінсе найза ұстаған бабасы,
Ер боп туған қазақтың бар баласы.
Жуалыдан шықса осы қос батыр,
Бірі іні, бірі оның ағасы.
Бауыржанға таныс майдан жолдары,
Бүкіл елді фашизмнен қорғады.
Бақытжан да соғысында ауғанның,
Бола білді әлсіз елдің қорғаны.
Теңдік қайда бодандық бар түзімде,
Тыңшы жүрді Бауыржанның ізінде.
Ал Бақытжан тәуелсіз ел ері боп,
Шат-шадыман күлкі ойнайды жүзінде.
Екеуі де ерлік жолын қош көрді,
Бауыржанға «Алтын жұлдыз» кеш келді.
Бақытжанның батырлығын теңдессіз,
Егемен ел дер кезінде ескерді.
Бауыржанның тістеулі өткен бармағы,
Бар өмірін айқастарға арнады.
Тіл де, дін де қайта орнығып тұғырға,
Орындалып келеді оның арманы.
Баба Қазақ батыр болған бұрыннан,
Ұрпақтары ерлік жолын ұғынған.
Бауыржаны өткенменен ғұмырдан,
Батыр елден Бақытжаны туылған.
Жуалыдан қос қаһарман, қос батыр,
Бұл ауылдан шыққан талай қас батыр.
Бауыржаны бақиға жол алғанмен,
Бақытжаны елді қорғап поста тұр.
Қолға тиіп егеменді елдігім,
Барша жұртпен тереземіз тең бүгін.
Ер Бауыржан ескерткішке айналса,
Бақытжандар жалғайды оның ерлігін.
Қыдыр қонған Жуалының өңірі,
Сол өңірде көктеп өскен көп ұлы.
Сол өңірден бастау алған тегінде,
Бауыржан мен Бақытжанның өмірі.
Жау көрінсе найза ұстаған бабасы,
Ер боп туған қазақтың бар баласы.
Жуалыдан шықса осы қос батыр,
Бірі іні, бірі оның ағасы.
Бауыржанға таныс майдан жолдары,
Бүкіл елді фашизмнен қорғады.
Бақытжан да соғысында ауғанның,
Бола білді әлсіз елдің қорғаны.
Теңдік қайда бодандық бар түзімде,
Тыңшы жүрді Бауыржанның ізінде.
Ал Бақытжан тәуелсіз ел ері боп,
Шат-шадыман күлкі ойнайды жүзінде.
Екеуі де ерлік жолын қош көрді,
Бауыржанға «Алтын жұлдыз» кеш келді.
Бақытжанның батырлығын теңдессіз,
Егемен ел дер кезінде ескерді.
Бауыржанның тістеулі өткен бармағы,
Бар өмірін айқастарға арнады.
Тіл де, дін де қайта орнығып тұғырға,
Орындалып келеді оның арманы.
Баба Қазақ батыр болған бұрыннан,
Ұрпақтары ерлік жолын ұғынған.
Бауыржаны өткенменен ғұмырдан,
Батыр елден Бақытжаны туылған.
Жуалыдан қос қаһарман, қос батыр,
Бұл ауылдан шыққан талай қас батыр.
Бауыржаны бақиға жол алғанмен,
Бақытжаны елді қорғап поста тұр.
Қолға тиіп егеменді елдігім,
Барша жұртпен тереземіз тең бүгін.
Ер Бауыржан ескерткішке айналса,
Бақытжандар жалғайды оның ерлігін.