Кімсің деме көп жігіттің бірімін,
Дей алмаймын өзімді өзім ірімін.
Ұлы емеспін, онда не тұр, онсыз да,
Ұлы халық, ұлы елдің ұлымын.
Мен бе жалғыз тәңірінің сүйгені,
Тағдырымда бар еншіме тигені.
Ата-анамның гүлдегенде түйгені,
Мен солардың жерге түскен түйнегі.
Сығып алып шымыр ойдың шырынын,
Баларамын балын берген тілінің.
Әлдекімдір менсінбейді мейлі да,
Сүйген жардың қасиет тұтқан пірімін.
Тағдыр шіркін сан қияға тастады,
Көп нәрсеге көз де жете бастады,
Шалдарымның ізіне ерген тұяқ ем,
Балдарымның панасымын асқары.
Өмірімнің көктем, жазы, күзінде,
Шаршасам да күлкі жүрді жүзімде.
Жамандармен бірге адасқан кезім бар,
Жақсылардың жол таба алмай ізінде.
Досым да бар, қасым да бар, бар бәрі,
Бір жігіттей бар басымның арманы.
Бір жігіттей бақыт құсы қонып тұр,
Бір жігіттей үмітім де алдады.
Кейде жуас, кейде бассыз тентекпін,
Бір жігіттей еңбек еттім, тер төктім.
Біреулерге есіріктеу еркекпін,
Біреулерге есітпеген ертекпін.
Қателік те жібергенмін елеулі,
Ол туралы жөнін білмейм не деудің.
Біреулердің әділ берген бағасы,
Біреулердің жел сөзіне желеумін.
Талай сасып серіпсем де тұяқты,
Жан салғанмын жоғалтпауға ұятты.
Біреулерге менен ұлы жоқ сынды,
Біреулерге адам емес сияқты.
Қызықтырмас ақша түгіл алтын да,
Қалсам деймін жаратылыс қалпымда.
Бар бақытым ошағымның басында,
Түп тамырым біле білсең халқымда.
Сусын тапқан қасиетті өмір нәрінен,
Осылардың бәрі, бәрі, бәрі мен.
Кімсің деме шынын айтсам сен түгіл,
Өзімді өзім ашқаным жоқ әлі мен.
Маржанымды шашқаным жоқ әлі мен.
Дей алмаймын өзімді өзім ірімін.
Ұлы емеспін, онда не тұр, онсыз да,
Ұлы халық, ұлы елдің ұлымын.
Мен бе жалғыз тәңірінің сүйгені,
Тағдырымда бар еншіме тигені.
Ата-анамның гүлдегенде түйгені,
Мен солардың жерге түскен түйнегі.
Сығып алып шымыр ойдың шырынын,
Баларамын балын берген тілінің.
Әлдекімдір менсінбейді мейлі да,
Сүйген жардың қасиет тұтқан пірімін.
Тағдыр шіркін сан қияға тастады,
Көп нәрсеге көз де жете бастады,
Шалдарымның ізіне ерген тұяқ ем,
Балдарымның панасымын асқары.
Өмірімнің көктем, жазы, күзінде,
Шаршасам да күлкі жүрді жүзімде.
Жамандармен бірге адасқан кезім бар,
Жақсылардың жол таба алмай ізінде.
Досым да бар, қасым да бар, бар бәрі,
Бір жігіттей бар басымның арманы.
Бір жігіттей бақыт құсы қонып тұр,
Бір жігіттей үмітім де алдады.
Кейде жуас, кейде бассыз тентекпін,
Бір жігіттей еңбек еттім, тер төктім.
Біреулерге есіріктеу еркекпін,
Біреулерге есітпеген ертекпін.
Қателік те жібергенмін елеулі,
Ол туралы жөнін білмейм не деудің.
Біреулердің әділ берген бағасы,
Біреулердің жел сөзіне желеумін.
Талай сасып серіпсем де тұяқты,
Жан салғанмын жоғалтпауға ұятты.
Біреулерге менен ұлы жоқ сынды,
Біреулерге адам емес сияқты.
Қызықтырмас ақша түгіл алтын да,
Қалсам деймін жаратылыс қалпымда.
Бар бақытым ошағымның басында,
Түп тамырым біле білсең халқымда.
Сусын тапқан қасиетті өмір нәрінен,
Осылардың бәрі, бәрі, бәрі мен.
Кімсің деме шынын айтсам сен түгіл,
Өзімді өзім ашқаным жоқ әлі мен.
Маржанымды шашқаным жоқ әлі мен.