Ой мен ойын

Өмір туралы

Сезімнің болып құрбаны, Ойнағым келіп тұрғаны. Ойпыр-ай, неткен керемет! Ойымды біреу ұрлады. Өзімнен шошып өзім тек, О...

Сезімнің болып құрбаны,
Ойнағым келіп тұрғаны.
Ойпыр-ай, неткен керемет!
Ойымды біреу ұрлады.

Өзімнен шошып өзім тек,
Ойсырап жүрген кезім көп.
Оның да ойын білмек боп,
Қоямын әсте әзілдеп.

Өңімде түгіл түсімде,
Ынтығам сұлу мүсінге.
Жымиып қана күледі,
Жұмбағы оның ішінде.

Ойпыр-ай, ояу ма екенмін?!
Ойнаудан тояр ма екенмін?
Ойнақшып жүріп от баспай,
Ойымды қояр ма екенмін?

Керемет неткен түр-түсі,
Тандырар естен күлкісі.
Ойнағым келіп тұрғаны-ай,
Ойымда жүрген бір кісі.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026