Кеше көр, кешіре көр Пайғамбарым!
Ертерек Хақтың жолын ойланбадым.
Санамды билеп кеткен қайран қарын,
Содан ғой ақымаққа айналғаным.
Исламның түсінейік қайдан мәнін,
Жүрдік қой шығарған деп ойдан бәрін.
Керемет кемелдігін кеш түсініп,
Кемедей құмға шөккен қайрандадым,
Кеше көр, кешіре көр Пайғамбарым!
Шындық қой тек өзіңе үмбеттігім,
Кінәлі білместігім, бірбеттігім.
Ойламай Алла жолын құр кетті күн,
Күнәмді мойындауға міндеттімін.
Муминмін, мұсылманның баласымын,
Тек осы бойымдағы бар асылым.
Естісем азан дауысын ақ мешіттен,
Қарайды Қағба жаққа қарашығым.
Білемін күнәһармын, кінәлімін,
Осыны ойламаппын сірә бұрын.
Жаныма жылу құяр әр аяты,
Алланың қасиетті Құранының.
Ақым жоқ Хақ жолынан бөлінуге,
Санай бер мәңгі өзіңмен мені бірге.
Тек сендік сезімім де, сенімім де,
Теңеймін шуақ шашқан сені күнге.
Әр сөзің алмас қылыш жүзі дер ем,
Үмітпен мен өзіңнің ізіңе ерем.
Қасиетті Хадистерді жадқа алмасам,
Қараймын ертең қалай жүзіңе мен.
Өзіңсің арқа сүйер тірегім де,
Сен барсың кәлимамда, тілегімде.
Қанша күн жасар болсам бұл өмірде,
Жүресің Алла мен сен жүрегімде.
Әлемді бас идірген атақ-атың,
Қолдайды үмбетіңді шапағатың.
Өзіңе арналады салауатым,
Аллаға арналады махабатым.
Ертерек Хақтың жолын ойланбадым.
Санамды билеп кеткен қайран қарын,
Содан ғой ақымаққа айналғаным.
Исламның түсінейік қайдан мәнін,
Жүрдік қой шығарған деп ойдан бәрін.
Керемет кемелдігін кеш түсініп,
Кемедей құмға шөккен қайрандадым,
Кеше көр, кешіре көр Пайғамбарым!
Шындық қой тек өзіңе үмбеттігім,
Кінәлі білместігім, бірбеттігім.
Ойламай Алла жолын құр кетті күн,
Күнәмді мойындауға міндеттімін.
Муминмін, мұсылманның баласымын,
Тек осы бойымдағы бар асылым.
Естісем азан дауысын ақ мешіттен,
Қарайды Қағба жаққа қарашығым.
Білемін күнәһармын, кінәлімін,
Осыны ойламаппын сірә бұрын.
Жаныма жылу құяр әр аяты,
Алланың қасиетті Құранының.
Ақым жоқ Хақ жолынан бөлінуге,
Санай бер мәңгі өзіңмен мені бірге.
Тек сендік сезімім де, сенімім де,
Теңеймін шуақ шашқан сені күнге.
Әр сөзің алмас қылыш жүзі дер ем,
Үмітпен мен өзіңнің ізіңе ерем.
Қасиетті Хадистерді жадқа алмасам,
Қараймын ертең қалай жүзіңе мен.
Өзіңсің арқа сүйер тірегім де,
Сен барсың кәлимамда, тілегімде.
Қанша күн жасар болсам бұл өмірде,
Жүресің Алла мен сен жүрегімде.
Әлемді бас идірген атақ-атың,
Қолдайды үмбетіңді шапағатың.
Өзіңе арналады салауатым,
Аллаға арналады махабатым.