Санап жүріп күнпарақтың парағын,
Әлдеқашан қалып кетті бала күн.
Бал күндердің бағасына жетпеген,
Өз ісіме өзім де таң қаламын.
Сақал да аппақ, бүгіндері шаш та аппақ,
Қайда барам қарттықтан бұл қашқақтап.
Жастық өтті, көңіл ғана сол күйі,
Түсінбедім, қажет пе әлде бас бақпақ?
Бос қиялды жанымызға серік қып,
Құр бекерге желпілдедік, желіктік.
Жылдар өтті, күн бесіннен еңкейді,
Не түсіндік, мына өмірде нені ұқтық?!
Осыны ойлап ісіп кетті басым да,
Ойланатын жөніміз ғой расында.
Не жетісіп той беріп жүр білмеймін?
Құрдастарым пайғамбардың жасында.
Бәріміз де не тындырдық белгілі,
Біз айтпай-ақ біліп отыр ел мұны.
Осы жасқа келгенше түк тынбаған,
Тіршілік те не болады ендігі?
Кір санаға кірбің қар кеп қонады,
Кірбің түссе кірпияз жан тоңады.
Білемін ғой ақыры не болады,
Ойламауға тырысамын оны әлі.
Өмір-өзен тоқтамайды, ағады,
Алдан әлі үміт оты жанады.
Әлденені еске алып тек қана,
Басын шайқап, сағат таңдай қағады.
Әлдеқашан қалып кетті бала күн.
Бал күндердің бағасына жетпеген,
Өз ісіме өзім де таң қаламын.
Сақал да аппақ, бүгіндері шаш та аппақ,
Қайда барам қарттықтан бұл қашқақтап.
Жастық өтті, көңіл ғана сол күйі,
Түсінбедім, қажет пе әлде бас бақпақ?
Бос қиялды жанымызға серік қып,
Құр бекерге желпілдедік, желіктік.
Жылдар өтті, күн бесіннен еңкейді,
Не түсіндік, мына өмірде нені ұқтық?!
Осыны ойлап ісіп кетті басым да,
Ойланатын жөніміз ғой расында.
Не жетісіп той беріп жүр білмеймін?
Құрдастарым пайғамбардың жасында.
Бәріміз де не тындырдық белгілі,
Біз айтпай-ақ біліп отыр ел мұны.
Осы жасқа келгенше түк тынбаған,
Тіршілік те не болады ендігі?
Кір санаға кірбің қар кеп қонады,
Кірбің түссе кірпияз жан тоңады.
Білемін ғой ақыры не болады,
Ойламауға тырысамын оны әлі.
Өмір-өзен тоқтамайды, ағады,
Алдан әлі үміт оты жанады.
Әлденені еске алып тек қана,
Басын шайқап, сағат таңдай қағады.