Сылдыр да сылдыр суымның,
Аққанын көрсең белменен.
Сыбдыр да сыбдыр нуымның,
Желпінер басы желменен.
Сыңғыр да сыңғыр сұлудың,
Күлкісі жанын мас қылып,
Былдыр да былдыр бұлыңғыр,
Бірдеңе айтар жас жігіт.
Күлдір де күлдір кісінеп,
Кермеде күрең ат тұрар.
Күмбір де күмбір кісіні,
Күйшінің күйі шат қылар.
Алдыр да салдыр арбаны,
Айдап кеп ауыр жолменен,
Аңғал да саңғал қорғанын,
Амалдап ағам жөндеген.
Тозаңға тозаң ұласып,
Қайтады мал да өрістен.
Азан да қазан шуласып,
Балалар допты тебіскен.
Мөлдір де мөлдір көгімнен,
Шашырап айдың шапағы,
Селдір де селдір көрінген,
Селеу де тыншып жатады.
Қалғып та мүлгіп жеңгеміз,
Баласын басар бауырға.
Сеніңіз, мейлі сенбеңіз,
Барлығы соның ауылда.
Аққанын көрсең белменен.
Сыбдыр да сыбдыр нуымның,
Желпінер басы желменен.
Сыңғыр да сыңғыр сұлудың,
Күлкісі жанын мас қылып,
Былдыр да былдыр бұлыңғыр,
Бірдеңе айтар жас жігіт.
Күлдір де күлдір кісінеп,
Кермеде күрең ат тұрар.
Күмбір де күмбір кісіні,
Күйшінің күйі шат қылар.
Алдыр да салдыр арбаны,
Айдап кеп ауыр жолменен,
Аңғал да саңғал қорғанын,
Амалдап ағам жөндеген.
Тозаңға тозаң ұласып,
Қайтады мал да өрістен.
Азан да қазан шуласып,
Балалар допты тебіскен.
Мөлдір де мөлдір көгімнен,
Шашырап айдың шапағы,
Селдір де селдір көрінген,
Селеу де тыншып жатады.
Қалғып та мүлгіп жеңгеміз,
Баласын басар бауырға.
Сеніңіз, мейлі сенбеңіз,
Барлығы соның ауылда.