Өшім бардай өлерменмін өлеңге,
Көп ойланам сөзден моншақ өрерде.
Шабыт шапса шарықтатып жазам да,
Алып ұшам бергім келіп оны елге.
Алла берді маған осы дарынды,
Соның үшін аямаймын барымды.
Жырға айтамын көңілдегі сырымды,
Соған құям жүректегі жалынды.
Бойымдағы бар асылым жыр менің,
Қалар едім ұзақ өмір сүргенін.
Өмір керек, өлең керек бұл маған,
Өзге жұртқа не керегін білмедім.
Өлең менің өмірдегі серігім,
Өзгелердің бәрінен де жерідім.
Сол өлеңнің жолдарынан іздесін,
Өлгеннен соң іздесе егер мені кім.
Өлең менің ұшатын қос қанатым,
Одан жұртым өз керегін табатын.
Бір-ақ ауыз сөзім болса жетеді,
Мәңгілікке ел есінде қалатын.
Көп ойланам сөзден моншақ өрерде.
Шабыт шапса шарықтатып жазам да,
Алып ұшам бергім келіп оны елге.
Алла берді маған осы дарынды,
Соның үшін аямаймын барымды.
Жырға айтамын көңілдегі сырымды,
Соған құям жүректегі жалынды.
Бойымдағы бар асылым жыр менің,
Қалар едім ұзақ өмір сүргенін.
Өмір керек, өлең керек бұл маған,
Өзге жұртқа не керегін білмедім.
Өлең менің өмірдегі серігім,
Өзгелердің бәрінен де жерідім.
Сол өлеңнің жолдарынан іздесін,
Өлгеннен соң іздесе егер мені кім.
Өлең менің ұшатын қос қанатым,
Одан жұртым өз керегін табатын.
Бір-ақ ауыз сөзім болса жетеді,
Мәңгілікке ел есінде қалатын.