Өмір, сенің керемет бай әліппең,
Бас әріптен тұрасың, жай әріптен.
Үйренуге келгенде тек өзіңді,
Қалғаным жоқ ешқашан аянып мен.
Алла бізге бұл сені бір-ақ берді,
Шырақ берді, сан түрлі сынақ берді.
Граматикаң тым ауыр аңдағанға,
Өне бойың леп белгі, сұрақ белгі.
Сабақтасқан, сөйлемдер салаласқан,
Көріп өстік оныңды бала жастан.
Жолдарыңда шым-шытыр, араласқан,
Адасып қап, талайды қара басқан.
Жіктелесің, өзіңше септелесің,
Жеңіл-желпі жүргенді жек көресің.
Бақытты да сан түрлі сылтау тауып,
Біреуге аз, біреуге көп бересің.
Тірлік толы болған соң бітірмеген,
Ызғып жатыр көп нүкте, үтір деген.
Күтілмеген жайлар көп, түтіндеген,
Кім бар дейсің барлығын бүтіндеген.
Артып алған иыққа жүк те мықты,
Түсінбедік үйреніп, түк те тіпті.
Оқи-оқи өзіңді бар ұққаным,
Ақырында бір үлкен Нүкте. Бітті!
Бас әріптен тұрасың, жай әріптен.
Үйренуге келгенде тек өзіңді,
Қалғаным жоқ ешқашан аянып мен.
Алла бізге бұл сені бір-ақ берді,
Шырақ берді, сан түрлі сынақ берді.
Граматикаң тым ауыр аңдағанға,
Өне бойың леп белгі, сұрақ белгі.
Сабақтасқан, сөйлемдер салаласқан,
Көріп өстік оныңды бала жастан.
Жолдарыңда шым-шытыр, араласқан,
Адасып қап, талайды қара басқан.
Жіктелесің, өзіңше септелесің,
Жеңіл-желпі жүргенді жек көресің.
Бақытты да сан түрлі сылтау тауып,
Біреуге аз, біреуге көп бересің.
Тірлік толы болған соң бітірмеген,
Ызғып жатыр көп нүкте, үтір деген.
Күтілмеген жайлар көп, түтіндеген,
Кім бар дейсің барлығын бүтіндеген.
Артып алған иыққа жүк те мықты,
Түсінбедік үйреніп, түк те тіпті.
Оқи-оқи өзіңді бар ұққаным,
Ақырында бір үлкен Нүкте. Бітті!