Көңілдегі көбелек

Өмір туралы

Ақ көбелек, Көбелек, Көк көбелек, Гүлден гүлге қонатын көп көбелек. Жастық шақта, жарықтық, жаз жайдары, Сол жылдардың...

Ақ көбелек,
Көбелек,
Көк көбелек,
Гүлден гүлге қонатын көп көбелек.
Жастық шақта, жарықтық, жаз жайдары,
Сол жылдардың болатын көктемі ерек.


Ақ көбелек,
Көбелек,
Көк көбелек,
Көңіліме жүретін от сенбелеп.
Біреуі оның көзімді арбаушы еді,
Көп көбелек ішінен көптен ерек.

Көк көбелек,
Көбелек,
Ақ көбелек,
Секілденіп көрінген нақ керемет.
Мен ұнатқан көбелек өз жөніне,
Ұшып кетті басқаны баққа бөлеп.

Ақ көбелек,
Көбелек,
Көк көбелек,
Қиялда бар, қолымда жоқ көбелек.

Көңіліме сағыныш сыйлап кеткен,
Көбелекке құр бекер өкпелеп ек.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026