Келсе екен деп шабыт құсын аңдимын,
Жырды бөлеп, сосын барып қалғимын.
Керегіне жарар-ау деп халқымның,
Асыл сөзге шырын құйдым, бал құйдым.
Біліп жүрмін, сөз құдірет екенін,
Талантыма мың шүкірлік етемін.
Жүрегіңе жетсе барып жыр лебі,
Мақсатыма сонда мен де жетемін.
Қашаннан да жырға құмар жұртым бар,
Мәнсіз болса оны сірә кім тыңдар.
Ауызыңа татымаса бал дәмі,
Мүсіркемей сөздерімді жыртыңдар.
Бәрі бір ғой аз ба өлең, көп пе өлең.
Жырды берсем елге керек деп берем.
Кімге керек бір күндік сөз - жарнама,
Жаңғырығы келешекке жетпеген.
Маржан сөзден моншақ, жырды өремін,
Азабына, рахатына көнемін.
Сен арқалы өлмейтұғын өлеңім,
Болашақпен жүздесем деп сенемін.
Өзім барда сезім қалай өшеді?
Сезім барда жыр көркейіп, өседі.
Елім барда сөзім қалай өшеді,
Ұрпақтардан ұрпақтарға көшеді.
Жырды бөлеп, сосын барып қалғимын.
Керегіне жарар-ау деп халқымның,
Асыл сөзге шырын құйдым, бал құйдым.
Біліп жүрмін, сөз құдірет екенін,
Талантыма мың шүкірлік етемін.
Жүрегіңе жетсе барып жыр лебі,
Мақсатыма сонда мен де жетемін.
Қашаннан да жырға құмар жұртым бар,
Мәнсіз болса оны сірә кім тыңдар.
Ауызыңа татымаса бал дәмі,
Мүсіркемей сөздерімді жыртыңдар.
Бәрі бір ғой аз ба өлең, көп пе өлең.
Жырды берсем елге керек деп берем.
Кімге керек бір күндік сөз - жарнама,
Жаңғырығы келешекке жетпеген.
Маржан сөзден моншақ, жырды өремін,
Азабына, рахатына көнемін.
Сен арқалы өлмейтұғын өлеңім,
Болашақпен жүздесем деп сенемін.
Өзім барда сезім қалай өшеді?
Сезім барда жыр көркейіп, өседі.
Елім барда сөзім қалай өшеді,
Ұрпақтардан ұрпақтарға көшеді.