Өкпем бар, өмір саған кінам да бар,
Бірақта сол өкпемді кім аңғарар.
Өзіңді біліп жүріп,
Сүйіп жүріп,
Көңілім кірбің алар, күманданар.
Сырлысың,
Сиқырлысың,
Сындарлысың.
Ойымды айтсам түгел тыңдармысың?
Сен өзі жылжыған тек жылдармысың?
Құр бекер уақытымды ұрлармысың?
Қысқасың,
Шолтаңдаған тым шолақсың,
Аялсыз ағып алға зырламақсың.
Кеудеме уақытынша қона салған,
Түбінде ұшып кетер бір қонақсың.
Шырынсың,
Шынында да тым тәттісің,
Адамға бар асылдан қымбаттысың.
Сұлусың,
Шырайлысың,
Сымбаттысың,
Бәрібір аяусызсың, шын қаттысың.
Күйдіріп, жандырасың,
От қыласың,
Жоқтан бар,
Бардан тағы жоқ қыласың.
Аңдатпай, алдап жүріп, арбап жүріп,
Білемін ақыры сан соқтырасың.
Жүз жүйе, мың өрім боп өрілесің,
Ешқашан бітпейтіндей көрінесің.
Бір күні сең секілді сөгілесің,
Төгілесің,
Топыраққа көмілесің.
Өзінше қызық сенің әр белесің,
Бойға қуат,
Көңілге нәр бересің.
Жалғаншы болғаныңмен сүйем сені,
Өкінішті сенің тек мәңгі емесің.
Бірақта сол өкпемді кім аңғарар.
Өзіңді біліп жүріп,
Сүйіп жүріп,
Көңілім кірбің алар, күманданар.
Сырлысың,
Сиқырлысың,
Сындарлысың.
Ойымды айтсам түгел тыңдармысың?
Сен өзі жылжыған тек жылдармысың?
Құр бекер уақытымды ұрлармысың?
Қысқасың,
Шолтаңдаған тым шолақсың,
Аялсыз ағып алға зырламақсың.
Кеудеме уақытынша қона салған,
Түбінде ұшып кетер бір қонақсың.
Шырынсың,
Шынында да тым тәттісің,
Адамға бар асылдан қымбаттысың.
Сұлусың,
Шырайлысың,
Сымбаттысың,
Бәрібір аяусызсың, шын қаттысың.
Күйдіріп, жандырасың,
От қыласың,
Жоқтан бар,
Бардан тағы жоқ қыласың.
Аңдатпай, алдап жүріп, арбап жүріп,
Білемін ақыры сан соқтырасың.
Жүз жүйе, мың өрім боп өрілесің,
Ешқашан бітпейтіндей көрінесің.
Бір күні сең секілді сөгілесің,
Төгілесің,
Топыраққа көмілесің.
Өзінше қызық сенің әр белесің,
Бойға қуат,
Көңілге нәр бересің.
Жалғаншы болғаныңмен сүйем сені,
Өкінішті сенің тек мәңгі емесің.