Тоқтық та, тапшылық та,
Түріңнен танылатын.
Жан беріп жақсылыққа,
Жадырап жайылатын.
Қуанып көрісетін,
Тұз-дәмді бөлісетін.
Жағалай жан достарым,
Кеңесіп келісетін.
Бойыңда бар қуатым,
Ең төрде нан тұратын.
Жарасып салтанатым,
Шарықтап ән туатын.
Алдыңа ас тартатын,
Атаға бас тартатын.
Қазағым қастерлеген,
Қасиетті дастарханым!
Салтымды сақтар аман,
Сен барда мақтана алам.
Дос түгел дұшпаным да,
Өзіңнен аттамаған.
Асылым, айбыным да,
Қадірім, қайырымым да.
Өзіңсің ақ дастархан,
Барым да, байлығым да.
Түріңнен танылатын.
Жан беріп жақсылыққа,
Жадырап жайылатын.
Қуанып көрісетін,
Тұз-дәмді бөлісетін.
Жағалай жан достарым,
Кеңесіп келісетін.
Бойыңда бар қуатым,
Ең төрде нан тұратын.
Жарасып салтанатым,
Шарықтап ән туатын.
Алдыңа ас тартатын,
Атаға бас тартатын.
Қазағым қастерлеген,
Қасиетті дастарханым!
Салтымды сақтар аман,
Сен барда мақтана алам.
Дос түгел дұшпаным да,
Өзіңнен аттамаған.
Асылым, айбыным да,
Қадірім, қайырымым да.
Өзіңсің ақ дастархан,
Барым да, байлығым да.