Көзкөргенім

Өмір туралы

Көзкөргенім, Кенеттен кез келгенің. Бойыңа жарасатын боз көйлегің, Бұрымды өзгелерден өзге өргенің, Жадымда жәудіреген к...

Көзкөргенім,
Кенеттен кез келгенің.
Бойыңа жарасатын боз көйлегің,
Бұрымды өзгелерден өзге өргенің,
Жадымда жәудіреген көздер менің.


Көзкөргенім,
Сүйем деп сөз бергенің,
Дәл сонда шын бақытты сезген де едім.
Есімнен кетер ме сол сөздер менің,
Ойымнан шығар ма сол кездер менің.

Көзкөргенім,
Бұл қалай сөзге ергенің?
Арсыздың арбауына тез көнгенің.
Сен кеттің,
Өмір салды өзге өрнегін,
Мұң қалды иығымда езген менің.

Көзкөргенім,
Жоқтай-ақ өзге ермегің,
Басынан осы ма еді көзденгенің?!
Сөз бермеуің, керек еді өзгермеуің,
Өзгермелім,
Өкінтті өзгергенің.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026