Өмірдің өзі өткінші

Өмір туралы

Ғаламың мынау уланған, Заманың мынау қуланған, Адамың мынау құлданған, Жанарың мынау буланған. Тіліміз мынау аралас, Сұ...

Ғаламың мынау уланған,
Заманың мынау қуланған,
Адамың мынау құлданған,
Жанарың мынау буланған.

Тіліміз мынау аралас,
Сұлуың мынау жалаңаш.
Балаңыз мынау шала мас,
Ақылды айтсаң қаламас.

Билігің мынау құлақсыз,
Тірлігің мынау тұрақсыз.
Базарың мынау байлаусыз,
Ажалың жалпы сұрақсыз.

Жүйкеңіз мынау төзімсіз,
Жүрегің мынау сезімсіз,
Өзіміз мынау өзімшіл,
Ақшалы қолда көзір тұз.

Үмітің мынау күйреген,
Үрейің мынау билеген,
Намысың мынау тапталған,
Сенімің мынау сиреген.

Уақытың мынау аялсыз,
Бақытың мынау баянсыз.
Тағдырың мынау аяусыз,
Көңілің болмас қаяусыз.

Өмірдің өзі өткінші,
Қолдаушы аз да, көп сыншы.
Қолымды бір-ақ сілтейін,
Бәрі де құрып кетсінші.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026