Бар мен жоқ

Өмір туралы

Жоқтан барсың, Тірі жансың. Албырт, асау, Атан – нарсың. Бала – балсың, Сері салсың. Жолдас, жарсың, Кемпір – шалсың. ...

Жоқтан барсың,
Тірі жансың.
Албырт, асау,
Атан – нарсың.

Бала – балсың,
Сері салсың.
Жолдас, жарсың,
Кемпір – шалсың.

Құлын – тайсың,
Жайсыз – жайсың.
Жақсы, жаман,
Жарлы, байсың.

Бүршік, бүрсің,
Түйнек, гүлсің.
Мейлі кімсің,
Көппен бірсің.

Қызсың, ұлсың,
Тағдыр тылсым.
Мықты болсаң,
Мырза құлсың.

Өрсің, зорсың,
Боссың, борсың.
Әлсіз болсаң,
Иттен қорсың.

Ашсың, тоқсың,
Отсың, шоқсың.
Барып-барып,
Түбі жоқсың.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026