Өмір өзі жырлатар

Өзім туралы

Дүние толы дүбірге, Түсінбейсін түгін де. Ақын болып кетесің, Зерттеп жүріп түбінде. Арпалысу, күресу, Солай өмір сүрес...

Дүние толы дүбірге,
Түсінбейсін түгін де.
Ақын болып кетесің,
Зерттеп жүріп түбінде.

Арпалысу, күресу,
Солай өмір сүресің.
Әр күн толы оқиға,
Ортасында жүресің.

Біреулерге күйесің,
Біреулерді сүйесің.
Түрлі-түрлі тіршілік,
Оны да ойға түйесің.

Жүрегіңде сағыныш,
Кейбір ісің жаңылыс.
Мына жерде мереке,
Ана жерде жарылыс.

Күнде бастан кешірген,
Шешілмеген, шешілген,
Мәселелер жиналып,
Тандырады есіңнен.

Бәріне таң қаласың,
Өртенесің, жанасың.
Ақырында қолыңа,
Қаламыңды аласың.

Бәрі түгел жиылып,
Шалқар шабыт бұйырып,
Тұрады кеп соңында,
Өлең болып құйылып.

Көңіл шіркін сырға бай,
Қалай жүрем жырламай.

Өмір өзі ақыры,
Жырлататын тыңдамай.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өзім туралы
Күні 31.05.2026