Білмейді ғой дейсің бе?
Білем, білем.
Кім келмеген өмірге,
Кім өлмеген?
Ата-бабам өлмесе қайда кетті?
Қара жерге менің де кірер денем.
Өлмей сірә пендеден кім қалады?
Мен де өлемін,
Бәрібір жыр қалады.
Жұртыма арнап айтылған сыр қалады.
Айтылған соң түбінде тыңдалады.
Мен де өлемін,
Бәрібір сөз қалады.
Оятады сезімді бозбаланы,
Оятады саналы қыз баланы.
Іздегенге әйтеуір кез болады.
Мен де өлемін,
Өлмейтін сайтанмын ба?
Бір сұрақ бар болғаны айтар мұнда,
Қарызымды халқыма қайтардым ба?
Айтарымды шынымен айта алдым ба?
Аз-ақ күндік қу тірлік ермек едің,
Жұрт өлуде,
Білемін мен де өлемін.
Өткінші өмір тек қана өкінтерің,
Көргенімнен көп еді көрмегенім.
Бергенімнен көп еді бермегенім.
Қара жерге көндігер асау денем,
Мен де өлемін,
Бәрібір жасайды өлең.
Мәңгі бақи өлмеуге сөз жаралған,
Жасайды өлең,
Мен де онда жасай берем.
***
Құрысын, мына өмір неткен өмір?
Кешуі, аса ауыр өткел өмір.
Көзіңді ашып, жұмсаң өте шығар,
Болғаны бір-ақ сәттей өткен өмір.
Әр күні алтынменен бағаланар,
Біріне бірі ілесіп ағады олар.
Шау тартқан кезде анық сездім соны,
Зымырап зырлап ағып барады олар.
Түбіне тіршіліктің жеткен кімдер?
Сарғаяр кезі келсе көктем-гүлдер.
Азайып бара жатыр келер күндер,
Көбейіп бара жатыр өткен күндер.
Өтпеді басымыздан нелер сындар,
Жазылды олар жайлы өлең-жырлар.
Көбейіп бара жатыр өткен жылдар,
Азайып бара жатыр келер жылдар.
Деймісің мені уақыт аяп қалар,
Азайып бара жатыр ай-апталар.
Болғаны түс көргендей қайран күндер,
Белгісіз қайда кетті, қаяқта олар?
Ештеңе болмағандай жалған күліп,
Тірлікте араласам таңнан тұрып.
Сезем де азайғанын келер жылдар,
Алдыға ұмтыламын арман қуып.
Білем, білем.
Кім келмеген өмірге,
Кім өлмеген?
Ата-бабам өлмесе қайда кетті?
Қара жерге менің де кірер денем.
Өлмей сірә пендеден кім қалады?
Мен де өлемін,
Бәрібір жыр қалады.
Жұртыма арнап айтылған сыр қалады.
Айтылған соң түбінде тыңдалады.
Мен де өлемін,
Бәрібір сөз қалады.
Оятады сезімді бозбаланы,
Оятады саналы қыз баланы.
Іздегенге әйтеуір кез болады.
Мен де өлемін,
Өлмейтін сайтанмын ба?
Бір сұрақ бар болғаны айтар мұнда,
Қарызымды халқыма қайтардым ба?
Айтарымды шынымен айта алдым ба?
Аз-ақ күндік қу тірлік ермек едің,
Жұрт өлуде,
Білемін мен де өлемін.
Өткінші өмір тек қана өкінтерің,
Көргенімнен көп еді көрмегенім.
Бергенімнен көп еді бермегенім.
Қара жерге көндігер асау денем,
Мен де өлемін,
Бәрібір жасайды өлең.
Мәңгі бақи өлмеуге сөз жаралған,
Жасайды өлең,
Мен де онда жасай берем.
***
Құрысын, мына өмір неткен өмір?
Кешуі, аса ауыр өткел өмір.
Көзіңді ашып, жұмсаң өте шығар,
Болғаны бір-ақ сәттей өткен өмір.
Әр күні алтынменен бағаланар,
Біріне бірі ілесіп ағады олар.
Шау тартқан кезде анық сездім соны,
Зымырап зырлап ағып барады олар.
Түбіне тіршіліктің жеткен кімдер?
Сарғаяр кезі келсе көктем-гүлдер.
Азайып бара жатыр келер күндер,
Көбейіп бара жатыр өткен күндер.
Өтпеді басымыздан нелер сындар,
Жазылды олар жайлы өлең-жырлар.
Көбейіп бара жатыр өткен жылдар,
Азайып бара жатыр келер жылдар.
Деймісің мені уақыт аяп қалар,
Азайып бара жатыр ай-апталар.
Болғаны түс көргендей қайран күндер,
Белгісіз қайда кетті, қаяқта олар?
Ештеңе болмағандай жалған күліп,
Тірлікте араласам таңнан тұрып.
Сезем де азайғанын келер жылдар,
Алдыға ұмтыламын арман қуып.