Өмір - өрмек

Өмір туралы

Алла – дара, Жолы сара. Жеткен емес, Ақыл, сана. Қиял- жүйрік, Бұлаң құйрық. Туу- сыйлық, Ажал – бұйрық. Уақыт – ағыс,...

Алла – дара,
Жолы сара.
Жеткен емес,
Ақыл, сана.

Қиял- жүйрік,
Бұлаң құйрық.
Туу- сыйлық,
Ажал – бұйрық.

Уақыт – ағыс,
Жылдар- жарыс.
Арман- алыс,
Қадам – шалыс.

Әлем – жұмбақ,
Сырға тұнбақ.
Ақыл – арзан,
Ақша қымбат.

Адам – пенде,
Күнә демде.
Көңіл көкте,
Қоныс жерде.

Өмір - өрмек,
Тірлік – ермек.
Тағдыр – кермек,
Пенде көрмек.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026