Бізде де бар-ау бір арман,
Өмірден шуақ, нұр алған,
Қиялдан мүмкін құралған,
«Біткер» деп күнде сұранған,
Бізде де бар-ау бір арман.
Адам боп қолға ту алғам,
Тірліктің жолы бұралған.
Біреуді құзға құлатқан,
Біреуді шыңға шығарған.
Арулар әсем сыланған,
Азамат істе сыналған.
Арманға жетіп түгелдей,
Үлесін толық кім алған.
Тезекті сатып, пұл алған,
Тоймадық байлық құраудан.
Айласын ептеп асырып,
У алған адам жыланнан.
Таза емес пенде күнаңнан,
Ақыры бәрі сұралған.
Өн бойын жайлап мұң алған,
Көңілді қайтем жыларман?!
Келер деп күтем күн алдан,
Ада емес ойым күманнан.
«Біткер» деп күнде сұранған,
Бізде де бар-ау бір арман.
Бітер ме екен бұл арман?
Өмірден шуақ, нұр алған,
Қиялдан мүмкін құралған,
«Біткер» деп күнде сұранған,
Бізде де бар-ау бір арман.
Адам боп қолға ту алғам,
Тірліктің жолы бұралған.
Біреуді құзға құлатқан,
Біреуді шыңға шығарған.
Арулар әсем сыланған,
Азамат істе сыналған.
Арманға жетіп түгелдей,
Үлесін толық кім алған.
Тезекті сатып, пұл алған,
Тоймадық байлық құраудан.
Айласын ептеп асырып,
У алған адам жыланнан.
Таза емес пенде күнаңнан,
Ақыры бәрі сұралған.
Өн бойын жайлап мұң алған,
Көңілді қайтем жыларман?!
Келер деп күтем күн алдан,
Ада емес ойым күманнан.
«Біткер» деп күнде сұранған,
Бізде де бар-ау бір арман.
Бітер ме екен бұл арман?