Тегім – пенде,
Ой көп менде.
Өмір – не бұл?
Түс пе, өң бе?
Атым – адам,
Ақыл аман.
Қайдан шыққан,
Жақсы, жаман?
Баймыз, құлмыз,
Біз бұл кімбіз?
Қара жерде,
Не қып жүрміз?
Жалдап жанды,
Салдық барды.
Маңыз - мәнді,
Не бар мәңгі?
Ашпыз, тоқпыз,
Азбыз, көппіз,
Бүгін бармыз,
Ертең жоқпыз.
Фәни жалған,
Бітпес арман.
Бақытты ма,
Бақи барған?
Ертең алда,
Тергеу бар ма?
Жұмақ кең де,
Тозақ тар ма?
Қиял қылаң,
Санам- тұман.
Соның бәрі,
Маған күман.
Ой көп менде.
Өмір – не бұл?
Түс пе, өң бе?
Атым – адам,
Ақыл аман.
Қайдан шыққан,
Жақсы, жаман?
Баймыз, құлмыз,
Біз бұл кімбіз?
Қара жерде,
Не қып жүрміз?
Жалдап жанды,
Салдық барды.
Маңыз - мәнді,
Не бар мәңгі?
Ашпыз, тоқпыз,
Азбыз, көппіз,
Бүгін бармыз,
Ертең жоқпыз.
Фәни жалған,
Бітпес арман.
Бақытты ма,
Бақи барған?
Ертең алда,
Тергеу бар ма?
Жұмақ кең де,
Тозақ тар ма?
Қиял қылаң,
Санам- тұман.
Соның бәрі,
Маған күман.