Дара тұлға

Өмір туралы

(Арғынбай Бекбосынға) Қалам ұстап, ой баққан, Тағдыр дәмін мол татқан, Қарасуда туылып, Астанаға жол тапқан. Ер сынал...

(Арғынбай Бекбосынға)

Қалам ұстап, ой баққан,
Тағдыр дәмін мол татқан,
Қарасуда туылып,
Астанаға жол тапқан.

Ер сыналар шақтарда,
Намыс туы нақ қолда,

«Еңбек туын» көтеріп,
Салып берген «Ақ жолға».

Сан мықтылар санасқан,
Тарланбоздай таң асқан,
Парасатты кеудеге,
«Парасаты» жарасқан.

Тарылмайтын тынысы,
Дара тұлға тұрысы,
Өзіңізсіз Ар аға,
Азаматтың ірісі.

Ел аузында сөзіңіз,
Қаламгер де өзіңіз,
Қайраткер де өзіңіз,
Қызығады көзіміз.

Толағай жыр толғайсыз,
Ардың ісін қорғайсыз.
Ірілікті танытып,
Інілерді қолдайсыз.

Асылдардың ізіндей,
Алдаспанның жүзіндей,
Жетпіс беске шықтыңыз,
Қарттыққа да мүжілмей.


Жақсылардан қалар із,
Тау жығардай шамаңыз.
Қолдап жүрсін әрдайым,
Қосы батыр бабаңыз.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026