Жапырақтар төгіліпті бақтағы,
Атырапта жаздың ыстық жоқ табы.
Қарашаның жауды алғашқы ақ қары,
Көп ұзамай қыс қағады-ау қақпаны.
Алай-дүлей ауа райы алмасты,
Ызғар күндер бір-біріне жалғасты.
Қарашаның қары жауды алғашқы,
Қара шашты түп-түгелдей қар басты.
Аспан асты аппақ-аппақ көбелек,
Қонып жатыр жерге келіп себелеп.
Арт жағы аяз-ау деп керемет,
Көңіл шіркін құлазыды не керек.
Алғашқы қар кенет бірден еріді,
Соны көріп пейілім де кеңіді.
Сәл-ақ сәтте өзгеретін құбылып,
Пай-пай шіркін адамзаттың көңілі.
Өтіп жатыр күздің соңғы күндері,
Ойға алмайды дейсің сонда кім нені!
Тіршілікпен жүргеніңде алаңдап,
Өте шығар дүниенің дүрмегі.
Атырапта жаздың ыстық жоқ табы.
Қарашаның жауды алғашқы ақ қары,
Көп ұзамай қыс қағады-ау қақпаны.
Алай-дүлей ауа райы алмасты,
Ызғар күндер бір-біріне жалғасты.
Қарашаның қары жауды алғашқы,
Қара шашты түп-түгелдей қар басты.
Аспан асты аппақ-аппақ көбелек,
Қонып жатыр жерге келіп себелеп.
Арт жағы аяз-ау деп керемет,
Көңіл шіркін құлазыды не керек.
Алғашқы қар кенет бірден еріді,
Соны көріп пейілім де кеңіді.
Сәл-ақ сәтте өзгеретін құбылып,
Пай-пай шіркін адамзаттың көңілі.
Өтіп жатыр күздің соңғы күндері,
Ойға алмайды дейсің сонда кім нені!
Тіршілікпен жүргеніңде алаңдап,
Өте шығар дүниенің дүрмегі.