Өмір ғажап, көктем, жаз, күз келеді,

Өмір туралы

Өмір ғажап, көктем, жаз, күз келеді, Осылайша жалғасып із келеді. Күз келгенде жазыңды сағынарсың, Бола бермес көңілдің ...

Өмір ғажап, көктем, жаз, күз келеді,
Осылайша жалғасып із келеді.
Күз келгенде жазыңды сағынарсың,
Бола бермес көңілдің іздегені.

Күз келеді, дүние өзгереді,
Суық күздің хабары тез келеді.
Жемісіңді теретін кез келеді,
Кемісіңді білесің, көз көреді.

Жапырақтар ұшады, төгіледі,
Күн жауады, жылайды, егіледі.
Көріп тұрып кейбіреу көрмегендей,
Не ойлайды, осы жұрт не біледі?!

Бейқам күнде ойласын кісі нені,
Байқамасаң қақпанға түсіреді.
Күз келді ме артынан қыс келеді,
Мұны қашан адамдар түсінеді?!

Өтпелі өмір өтеді тоқтамайды,
Неге адамдар күндерін жоқтамайды?
Қатал тағдыр ешкімді аямайды,
Жүрегіңе бір күні оқ қадайды.
Ал тіршілік бізсіз де тоқтамайды.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026