Бойымда көп кішілік, жоқ кісілік,
Тұрамын топты қалап, көпті сүйіп.
Кейбіреу кердеңдейді көз алдымда,
Өзінше көкірегін көкке ұсынып.
Дегендей «сендағы, ой, адамбысың»,
Танаулап көрсетеді маған күшін.
Мейлі ғой ондайларда жұмысым не,
Береді халқым ғана бағамды шын.
Заман тоқ, төбемізде күн күледі,
Кімдердің кім боларын кім біледі?
Кімдердің кім екенін уақыт айтар,
Кімбіз біз уақыт ертең білдіреді.
Елімнен айналайын!
Жігітке талап берсін өзімдей-ақ,
Жыр жаздым кейбір түні көз ілмей-ақ.
Ақын деп алақанда әлдилеген,
Халқымнан қалам қалай сөзімді аяп.
Сырына қанықсам деп бұл ғаламның,
Өмірді зерттеп жүрген бір балаңмын.
Ертеңі қалай болар бүлардың деп,
Жырменен елімді ойлап күнде алаңмын.
Сөзіме қүйып жүрмін жанның нүрын,
Мойынға алып жүрмін нардың жүгін.
Ақындық ардың ісі болғандықтан,
Арқалау аңсан емес ардың жүгін.
Өмірге қарап бөлек көзбен дәйім,
Құмарттым жыр орманын кезген сайын.
Өзімнен өзім қатты қысыламын,
Борышты мойындағы сезген сайын.
Әр ақын жеке дара бір туады,
Ағылып көмейімнен жыр туады.
Көргенде өздеріңнің құрметіңді,
Дүние бөлекше бұл құлпырады.
Сендерсің кенішім де, өрісім де,
Асықтым ойда барды бөлісуге.
Алдымнан құшақ ашып тұрасыңдар,
Өзіңді сүйем, халқым, сол үшін де.
Өрт өлең өн бойыңды өртеп өткен,
Серпілтіп сезім қылын шертем еппен.
Сөзімді кім ұғады сен болмасаң,
Елімнен, айналайын, еркелеткен!
Тұрамын топты қалап, көпті сүйіп.
Кейбіреу кердеңдейді көз алдымда,
Өзінше көкірегін көкке ұсынып.
Дегендей «сендағы, ой, адамбысың»,
Танаулап көрсетеді маған күшін.
Мейлі ғой ондайларда жұмысым не,
Береді халқым ғана бағамды шын.
Заман тоқ, төбемізде күн күледі,
Кімдердің кім боларын кім біледі?
Кімдердің кім екенін уақыт айтар,
Кімбіз біз уақыт ертең білдіреді.
Елімнен айналайын!
Жігітке талап берсін өзімдей-ақ,
Жыр жаздым кейбір түні көз ілмей-ақ.
Ақын деп алақанда әлдилеген,
Халқымнан қалам қалай сөзімді аяп.
Сырына қанықсам деп бұл ғаламның,
Өмірді зерттеп жүрген бір балаңмын.
Ертеңі қалай болар бүлардың деп,
Жырменен елімді ойлап күнде алаңмын.
Сөзіме қүйып жүрмін жанның нүрын,
Мойынға алып жүрмін нардың жүгін.
Ақындық ардың ісі болғандықтан,
Арқалау аңсан емес ардың жүгін.
Өмірге қарап бөлек көзбен дәйім,
Құмарттым жыр орманын кезген сайын.
Өзімнен өзім қатты қысыламын,
Борышты мойындағы сезген сайын.
Әр ақын жеке дара бір туады,
Ағылып көмейімнен жыр туады.
Көргенде өздеріңнің құрметіңді,
Дүние бөлекше бұл құлпырады.
Сендерсің кенішім де, өрісім де,
Асықтым ойда барды бөлісуге.
Алдымнан құшақ ашып тұрасыңдар,
Өзіңді сүйем, халқым, сол үшін де.
Өрт өлең өн бойыңды өртеп өткен,
Серпілтіп сезім қылын шертем еппен.
Сөзімді кім ұғады сен болмасаң,
Елімнен, айналайын, еркелеткен!