Ғұмыр- жұмбақ

Өмір туралы

Қыбыр-қыбыр, Жыбыр-жыбыр, Тықыр-тықыр, Тыпыр-тыпыр. Сыбыр-күбір, Дыбыр-дүбір. Абыр-сабыр, Жүгір-жүгір. Апыл-ғұпыл, Шат...

Қыбыр-қыбыр,
Жыбыр-жыбыр,
Тықыр-тықыр,
Тыпыр-тыпыр.

Сыбыр-күбір,
Дыбыр-дүбір.
Абыр-сабыр,
Жүгір-жүгір.

Апыл-ғұпыл,
Шатыр-шұтыр.
Ағыл-тегіл,
Тақыл-тұқыл.

Кәкір-шүкір,
Үпір-шүпір.
Сықыр-сықыр,
Бүкір-бүкір.

Таң мен іңір,
Тағдыр қыңыр.
Осы ғана,
Барлық ғұмыр.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026